» » Астана «Смарт Сити» эталонына айналуы керек - Президент Жолдауы

Астана «Смарт Сити» эталонына айналуы керек - Президент Жолдауы

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында  он негізгі міндет айқындалған. Соның бірі - «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Мемлекет басшысы Жолдауда «2018 жыл - елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл» екенін мәлім еткен. «Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы - баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады. «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет. Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек» делінген Елбасы Жолдауында. Сондай-ақ, Жолдауда «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналатыны атап өтілген.

10 қаңтар 2018 ж. 544 1

Гость JeaKeenny от 5 наурыз 2019 23:35
Cialis Kaufen Is Healthy Man Legitimate Clomid Nedir cialis without a doctor's prescription Ed Sample Pack Cheap

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30