» » АРМЕНИЯ АРМАН ЕМЕС

АРМЕНИЯ АРМАН ЕМЕС

   Соңғы кездері армяндық нөмірі бар автокөліктер көптеп пайда болуда. Тіпті кolesa сайтында сатуда тұрған көліктердің де басым бөлігі осы елдікі. Көрсетілген жыл үшін бағалары сондай тартымды. Сатушылар төрт дөңгелекті тұлпардың мақтауын асырады. Жалпы бұл жағдайда тәуекелге баруға бола ма?
Кolesa.kz сайтына армяндық көліктерді сату туралы хабарландыру орналастырып жүрген сатушылар машақаты аз, бірақ бірқатар сұрақтар туындататын нұсқаларды ұсынады. Олардың сөзінше, жылдар мен Еуро-4-ке бас қатырмай-ақ автокөлікті жәй ғана Ереванда сатып алуға болады. Ол үшін Арменияға аттану қажет. Жергілікті көмек көрсетушілер сатып алушыға уақытша тіркеу жасап береді, одан кейін сатып алу-сату келісімшартын жасап, ортақ негізде армяндық нөмірлерді алып, көлікті есепке қояды. Осы мемлекеттік нөмірлермен Қазақстанға еркін сапар шегіп, атвомобильді жалыққанша жүргізуге болады. Әрине, қазақстандық сақтандыруды рәсімдегеннен кейін.
Бұл сізді қызықтыра ма? Алайда, бұл жағдайда ҚР-на кіргізілетін автокөлік Арменияда 2014 жылға дейін кедендік тексерістен өткен болуы қажет екенін естен шығармаған жөн. Әйтпесе тек бір жылға ғана кіргізуге болады. Бұл біріншіден. Ал екіншіден: жеті жылдан жоғары автокөліктерді техникалық байқаудан қайда өткізеді? Жыл сайын Арменияға бару керек пе? Әзірше полиция қызметкерлері бұл жағына қатты назар аударып жатқан жоқ, бірақ ертең шетелдік нөмірдегі көліктерді ұстап, техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті тексермесіне кім кепіл? Себебі, заң бойынша ҚР жолдарында техникалық байқаудан өтпеген көліктерді жүргізуге тыйым салынған.
 Соңғысы, армян шенділері ерте ме, кеш пе елден белгісіз бағытта жоғалып кетіп жатқан, ал иелері салық төлемейтін көліктер жайлы қам жеп, бауырлас кедендік елдерде оларға іздеу жарияламасына жүз пайыз сенуге бола ма? Оның үстіне ЕЭО арасында полициялық деректер базасының бірігуі де таяп келеді емес пе.
Жалпы, қызықтыратын ұсыныс болғанымен, тым сенімсіз. Оның үстіне, Армениядан мұндай схемамен жеткізілген көлікті ҚР аумағында сата да алмайсың. Кейбір автокөлік иелері ұсынатын «сенімхат бойынша» сатып алу нұсқалары тіпті де заңсыз. Егер көліктен жалықсаңыз, сатып алушыны тауып, онымен бірге Арменияға барып, сол жақта уақытша тіркеуді қоса алғанда, басқа да тиісті шаралардың барлығынан өту қажет болады. Дәл осы жерде армян билігі алдындағы сіздің бар қарызыңыз шыға келеді.
Ерасыл ШӘРІБЕК
17 наурыз 2019 ж. 1 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30