» » ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ

ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ

Мемлекет басшысының күні кеше жариялаған Қазақстан халқына арнаған Жолдауын толық тыңдап та, оқып та шықтым.
    Шынымды айтсақ, жыл сайын осы кезеңде Жолдауды асыға күтетін жағдайға жеттік. Себебі Жолдау жыл көлемінде атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін жолбағдарымызға айналған.
    Осы жерде Жолдауда айтылған мына мәселеге тоқталып өткім келеді.
    Жолдауда Елбасы: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек»,-деп баса айтты.
    Бұл мәселе өзіміз де көріп отырғандай нәтижесін беруде. Былтыр елімізде басталған «Бастау Бизнес» жобасы біздің облысымызда пилоттық режимде 5 ауданда: Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өткен болатын. Жыл көлемінде 937 ауыл азаматы оқытылып, 358 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Жоба біздің азаматтарымызды жаппай кәсіпкерлікке тартуға, жұмыспен қамтуға айтарлықтай сеп болды.
    Биыл да бұл жоба жалғасатын болады. Жоспар бойынша жобаға жоғарыда аталған 5 ауданнан өзге Жалағаш және Сырдария ауданының тұрғындары да қатыса алатын болды. Жыл ішінде 1600-ден астам қызылордалықты оқытуды көздеп отырмыз.  
    Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ, 
    Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.
12 қаңтар 2018 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031