» » СЫРДЫҢ «АЛТЫН САПАСЫ»

СЫРДЫҢ «АЛТЫН САПАСЫ»


  Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен республикалық «Алтын сапа» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрлі шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Шара барысында Сыр елінің мақтанышына айналған «Абзал және К» Елбасының қолынан республикалық «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын иеленді.
Апта басында Абзал и К» серіктестігі директорының орынбасары, «Мағжан и К» жауапкершілігінің директоры Мағжан Ералиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен өкілдерімен кездесті. Жиында ол компания туралы кеңінен тоқталды. – Компания 1994 жылы Қызылорда қаласында құрылған. Алғашқы 9 жылда күріш сатумен айналысқан компания 2003 жылы дамудың жаңа сатысына шықты. Облысқа қарасты Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов және Бесарық ауылдарынан әр қайсысынан 600 гектар жерге күріш егуді бастаған «Абзал және К» жыл сайын егістік көлемін арттыра береді», – деді директордың орынбасары.
«Абзал және К» ТС ауылшаруашылық саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясы саласында қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі. Компания республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігіне кіреді, күрішті өндіру және өңдеу қызметімен айналысуда және ауыл шаруашылық саласына инвестиция құюда алдыңғы қатарда. Брифинг барысында М.Ералиев бүгінгі жетістікке қызметкерлердің тыңбай еңбек етуінің арқасында жеткенін айтты.
 – Елбасының атынан марапат алғанымыз қызметкерлердің еңбегі деп білемін. Марапат бізді жігерлендіреді, болашаққа деген жоспарымызды нығайтады, өзімізге сенімділікті күшейтеді. Бұл марапат біздің ғана емес Сыр өңірінің жеңісі. Осы тұста қолдау білдірген Аймақ басшысына алғысымды жеткізгім келеді, – деді брифинг барысында.
    Бүгінде компания «Янтарь», «Лидер», «Анаит», «Фаворит» күріштерін, «Камолино» күріш жармасын түр-түрімен, күріш ұсағы, күріш жемі, туралған және туралмаған күріш қауызын өндіреді. Өндірістің ең көп ауқымды бөлігін «Янтарь» ақ күріші, «Лидер» ақ күріші және «Камолино» күріш жармасы құрайды. Сонымен қатар «Абзал және К» ТС-і өнімі ішкі нарықты қамти отырып, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ауғанстан елдерінің нарығына шығарады.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА

15 желтоқсан 2017 ж. 623 2

Гость JeaKeenny от 21 ақпан 2019 23:46
Viagra Cialis Danger Generico De Priligy Acheter Cialis 20mg En Pharmacie viagra Amoxil Ampicillin Anti Clavamox With Cephalexin For Sale Secure Isotretinoin Tablets Website Free Shipping

Гость JeaKeenny от 11 наурыз 2019 15:42
Viagra Free Trial Viagra Cialis Opiniones buy 10 mg levitra online Achat Levitra France

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30