» » АТА КӘСІПТІ ҚОЛҒА АЛҒАН АҚӘДІЛ

АТА КӘСІПТІ ҚОЛҒА АЛҒАН АҚӘДІЛ

  Шиеліге жол түссе, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына соғамын. Филиал басшысы Рысбай Нысанханов бізге алғаш қызметте жол көрсеткен ұстаздарымыздың бірі. Бұл жолы да сәлем беріп, жағдай білуге асығып кәсіпкерлер палатасының ғимаратына асығып келемін. Бізбен қатарласа ұзын бойлы, қара торы жігіт те ілесе кірді. Жүзінде қуаныш. Көңілі алып-ұшып шаттанып тұр. Рысбай аға алдына келген сайын аудандағы белсенді жастармен таныстырып жіберуге тырысатын. Бұл жолы да Ақәділ Өтепбергенов есімді жас кәсіпкермен таныстырды.
Ақәділ Жиделіарық ауылындағы белсенді жастардың бірі екен. Кәсіп бастауды қолға алып, палатаның аудандық филиалында мамандар кеңесіне жүгініп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, бір ай кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған. Сертификаты қолына тиген бойда Қызылорда "Өңірлік инвестициялық орталығы" микроқаржы ұйымы арқылы 2 000 000 теңге несиеге өтініш берген. «Мүйізді ірі қара мал басын көбейту» атты жобасы қолдау тауып, өзі де жақсы жаңалыққа қуанып, палатаға жеткен кезінде кездесіп тұр екенбіз. Жас кәсіпкердің ата кәсіпті таңдағаны қуантты.
Кейіпкеріміз №206 Жиделіарық орта мектебінің және Ақтөбе политехникалық колледжінің түлегі. Мамандығы − «автокөлік жөндеу және қызмет көрсету». Болашақта жеке техникалық жөндеу орталығымды ашамын деп алға қойған мақсатын да айтып қалды. Бүгінде мал баққанның бағы жанып, шаруасы шалқып тұр. Ақәділдің қорасында қазір жеті бас бұзаулы сиыр, бір өгіз бар. Зеңгі баба төлдерінің бабын жасауға Ақәділге әкесі Әлиасқар жәрдемдеседі. Енді қаз-қаз басқан ұлы Айдәулетте атасының жанынан қамай жүреді. Ал сиырларды сауып, одан қатық, айран құрт істеу анасы Үмітпен келіншегі Айнамкүлдің құзырында. Өнімдерді ауыл тұрғындары мен аудан орталығындағы дүкендерге  өткізеді. «Мал бейнетін баққан біледі» демекші, осындай үлкен ауызбіршілікпен басталған кәсіпті Ақәділ болашақта үлкен отбасылық шаруаға айналдыруды армандайды. «Менің жұмысым − осы сиырларға күтім жасау. Өзіме жүктелген міндетті тиянақты атқаруға тырысамын. Жас отбасымның жеп отырған наны. Болашақта етті өгіздерді әкеліп бордақыласам деймін. Асыл тұқымды мал басын көбейту керек. Мал шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидиялар көп екенін білдім. Солардың біріне өтініш білдіруді жоспарлап отырмыз», − дейді Ақәділ. Жиырмасыншы ғасырда Абай: «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малың болса сыйламай тұра алмас ел. Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де − жел...» деген. Дана Абайдың бұл ұлағатты сөзі бүгінгінің жастарына да таптырмас бағыт. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін білетін әкесі Ақәділді үнемі еңбекқорлыққа, дұрыс шешім қабылдауға шақырып, демеп отырады. Тіпті ірі қараның басын көбейтіп, кәсібін дөңгелету үшін көрші елдерден мал әкелуге де әзір.
Кейіпкеріміз Ақәділ Әлиасқарұлы осылайша, өңіріміздегі өрісті салаға өз үлесін қосуға асық. Ал, Рысбай Кенжебекұлы бізге жас кәсіпкерлердің ізденісін құптап, қолдау білдіруден жалықпайтынын жеткізді. Жаста болса, мал бағып, қоғамның тіршілігіне дем беріп, тұрмысына тіреу болған төрт түлікті көбейтіп жүрген жастардың алғашқы қадамына сәттілік тілеп тарастық.
Гүлбану МАҚАЖАН
15 маусым 2019 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031