» » ҚЫЗЫЛОРДАДА 3 АЙДА 44 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 3 АЙДА 44 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

  Бүгінде халықтың басым бөлігі жеке кәсіп ашқанды қалайды. Сол себепті де бізде кәсіпкер саны басым. Кәсіпкерге де айтарлықтай жағдай жасалған. Бағдарлама да көп. Соның бірі – "Бастау" жобасы.
Сыр өңірінде 800 азаматты аталмыш жоба аясында оқытылу көзделуде. Қазір оның 555-і білімін жетілдірді. Сондай-ақ 44-і өз жұмысын бастады. Атап айтар болсақ, 41-і "Еңбек" бағдарламасы аясында өткен гранттың жеңімпазы атанды. Оларға берілген грант көлемі 10,4 млн.теңгені құрады. Ал қалған үшеуі "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалынан 11,5 млн. теңге несие алды. Соның бірі – Жарасовтар отбасы.
Ауылшаруашылығы саласы бізге тансық емес. Төрт түлікті асырауды, оларды уақытылы тамақтандыруды, сондай-ақ асылдандыруды қазақтан артық білер халық жоқ. Сол себепті де ауылшаруашылық саласына көп көңіл бөлінеді. Халықтың басым бөлігі де мал бағумен айналысқанды қалайды. Ауылдарда қой кезекті күтіп жүретіндердің бары белгілі. Әке ұлына қой бағуды үйретсе, ана қызына сиыр саууды үйретеді.
Жарасовтар отбасы қалаға қарасты Бірқазан ауылында тұрады. Ата кәсіпке адалдықтың үлгісін көрсетіп отырған бұл отбасыда шаруа қожалығы бар. Елді мекенде тұрғандықтан отбасы мүшелері ақылдаса келе мал басын көбейтуді ойластырды. Бірігіп облыстық кәсіпкерлер палатасына келіп, кеңес алды. Осылайша «Бастау» жобасына қатысып, бизнес біліктілігін арттыруға бел буды. Жобаны тұрақты жұмысы болмағандықтан отанасы Ұлжалғас Пернеева оқыды.
– «Бастау» жобасының 2018 жылғы түлегімін. Бір ай оқып, біліктілігімді жетілдіріп, бизнес-жоспарымды дайындадым. Сонымен мал шаруашылығымен айналысу үшін «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан 3 млн.теңге несие алып, 10 бас сиыр алдық. Қазір төлдеп, мал басы көбеюде. Сүтін, қатығын сатып, құртын, майын алып, тірлік қылып жатырмыз», – дейді кәсіпкер.
«Мал баққанға бітеді», дейді халық даналығы. 10 сиырдың көбею осының дәлелі. Мал бағудың машақаты көп. Жем-шөбін беру, суғару, тұрған орнын тазалау жұмыс қолын қажет етеді. Кәсіп иесіне бұл тұста жолдасы көмектеседі. Мұнан өзге бұл отбасы бір адамды жұмыспен қамтыды. Демалыс күндері ата-анасына балалары қолғабыс береді.
Жарасовтар отбасының ендігі жоспары жылқы шаруашылығымен айналысу. «Мемлекеттік бағдарлама көмегі біз үшін таптырмайтын көмек болды. Шүкір, қазір ірі қарамыз өсіп, көбеюде. Ендігі жерде жылқы шаруашылығын қолға алу жоспарда бар. Жайылымдық жер алып, сол жерге малдарды жайсақ дейміз», – дейді отағасы Бектас Жарасов.
Басылымның алдағы номерінде отбасылық кәсіппен айналысып, бірге кәсіп ашқан Датқабековтер отбасын жазған болатынбыз. Бізді қуантатыны отбасы мүшесі бірге жұмыс істеп, оны балаларына үйретуде. Сондай-ақ жұмыссыз жастарды жұмысқа алуы. Міне, біздің кейіпкерімізде осы талапты орындауда. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жұмыссыздарды жұмыспен қамтиды деген сенімдеміз.
Мөлдір САБЫРЖАН
15 маусым 2019 ж. 276 1

Lacey от 16 маусым 2019 18:36
It is appropriate time to make some plans for the future and it’s time to be happy. I have learn this submit and if I may I desire to recommend you few fascinating issues or advice. Perhaps you could write subsequent articles relating to this article. I want to learn even more issues approximately it! I always emailed this weblog post page to all my friends, since if like to read it then my contacts will too. I could not resist commenting. Perfectly written! http://starbucks.com/

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031