» » Қызылордада жаңа 3 шағын ауданның құрылысы басталды

Қызылордада жаңа 3 шағын ауданның құрылысы басталды

  Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауында 3 жаңа шағын ауданның құрылысы басталды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін біз сол жағалаудағы жаңа үш шағын ауданның алғашқы үйін салуға кірісудеміз. Бұған дейін салынған шағын ауданның 70 пайызға жуық пәтер иесі қоныстанып үлгерді, жыл соңына дейін мұнда 2466 пәтерлік 53 үй салынады. Жалпы соңғы 6 жылда аймақта 361 көп қабатты үй немесе 7000 пәтер салынды. Оның ішінде 600 астам пәтерді бұрынғы апатты үйлердің тұрғындары алды. Қызылорда облысы – апатты жағдайдағы тұрғын үй мәселесін толық шешкен Қазақстандағы бірден-бір аймақ», — деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Қызылорданың сол жағалауындағы құрылыс 2016 жылы басталған. Өткен жылы сол жағалаудағы жаңа қалада жеке инвесторлар қаражаты есебінен салынған 14 көпқабатты тұрғын үй, сондай – ақ «Рухани жаңғыру» орталығы мен 320 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ал 2019 жылы «Болашақ» университеті кампусы мен Жастар орталығының құрылысы аяқталды.
Айта кетейік, соңғы 6 жылда өңірде 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек облыс орталығында 2013-2018 жылдары 15 жаңа шағын аудан салынды.
28 маусым 2019 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031