» » Қызылордада күріш ақтайтын зауыт ашылды

Қызылордада күріш ақтайтын зауыт ашылды

    Бүгін Қызылордада «Абай-Дәулет» ЖШС-нің күріш ақтау зауыты ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.
– «Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар» дейді дана халқымыз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы жылдары сырбойылық диқандар күріштен тұрақты өнім алуды дәстүрге айналдырып, еліміздің астық қорының ұлғаюына үлес қосып келеді. Биыл барлығы 88 мың гектар жерге күріш егілді. Ал қазіргі күні аудандар мен облыс орталығында Сыр маржанын жинау науқаны қызу қарқын алды. Ендігі міндет – қамбаға құйылған негізгі дақылды сапалы өңдеу арқылы күріш жармасын Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығына шығару. «Абай-Дәулет» серіктестігінің бастамасы осы бағыттағы жұмыстың жарқын үлгісіндей. Құрылғанына көп бола қоймаса да, кәсіпорын күрішті сапалы өңдеп, тұтынушыға ұсынуда елімізге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге де танылып үлгерді, – деді аймақ басшысы.
Компания 5 мың гектар жерге Сыр салысын егумен қатар, асыл тұқымды мал шаруашылығы және жеміс-жидек өсірумен айналысады. Одан бөлек, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әсте естен шығарған емес. Сырдария және Қармақшы аудандарын көркейту-көгалдандыру, жерігілікті тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту ісіне көңіл бөлуі – сөзіміздің дәлелі.
– Енді, міне, кәсіпорын күріш жармасын өңдеу және оны сатуды ұйымдастыру, сауда-саттық аясын кеңейту мақсатында Қытай технологиясымен жабдықталған жаңа зауытты іске қосып отыр. Ол негізгі дақылды ақтап қана қоймайды. Мал шаруашылығы үшін күріш қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім де шығарады. Осылайша Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан мемлекеттерінің нарығын игеруге жол ашылды. Заманауи өндіріс ошағы аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, жұмыс орындары санының артуына, салық базасының нығаюына септігін тигізетіні анық, – деді облыс әкімі.
Одан кейін ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлыбай Ұлықпанов компанияның қадамына тілектестік білдіріп, бата берді.
Айта кетейік, сапа менеджменті мен стандартына толық жауап беретін зауыт 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге қауқарлы.
02 қазан 2019 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031