» » Жас кәсіпкерлермен кездесті

Жас кәсіпкерлермен кездесті

  Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ауылына барып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен өңір жастарымен «Ауылдық елдімекендердің жас кәсіпкерлері» форумында кездесті. Аймақ басшысы жастардың дамуына көрсетілетін қолдаудың жеткілікті екенін жеткізді. Әсіресе, кәсіпкерлікке ынталы жастарға мүмкіндік мол екенін баса айтты.
– Басты мақсат Мемлекет басшысының тапсырмасын жүйелі түрде орындау басты мақсатымыз. Ол үшін алдымен ауызбіршілікті, татулықты сақтау керекпіз. Өйткені, ынтымақ болмай, ешқандай іс өнбейді. Екіншіден өңірді индустрияландыру қажет. Жаңа өндіріс орындарын ашу, жер асты қазбаларын пайдаға жарату, инвестиция тартып, өнеркәсіпті нығайту керек. Тиісінше, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Осы бағытта барлық ауданды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен таныстым. Қазір жұмыссыздықты азайту, бизнесті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жемісті жүзеге асуда. Жастар кәсіпкерлігін дамытуға да ерекше назар аударылуда. Жүйелі жұмыс оң көрсеткішке бастап келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы Қырымбек Елеуұлы Елбасының қолынан бизнесті жүргізуге жағдай жасаған ең үздік аймақ номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын алды, деді аймақ басшысы Сырдария мен Қармақшы ауданында болған іс-сапарында.
Жас кәсіпкерлер форумында "мен қандай кәсіп ашамын?" деген сұрақ төңірегінде әңгіме өрбіді. Сонымен қоса кәсіпті қалай жүргізу жөнінде кеңес берілді. Бүгінде кәсіпкерлік саласының дамып, шағын және орта кәсіпке ден қойған. Бір қуантатыны кәсіптік салада жастардың үлесі басым. Тың идеяның иелері кәсіпті ашып қана қоймай, оны жандандыруға, жұмыссыздар санын азайтуға өз септігін тигізуде. Спикерлер жеке кәсібін бастағысы келетін жастарға қарастырылған мүмкіндіктерді, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясындағы несие және мемлекеттік грант алу жолын түсіндірді. Форум барысында Шиелі ауданынан «Самғау» оқу орталығын ашқан жас кәсіпкер Мөлдір Дүйсенова мемлекеттік қолдаудың тиімді тұсын, табысқа жету жолындағы қиындықтары мен жетістіктері жайлы әңгімеледі.
Мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ды тәмамдағаннан кейін АҚШ-тың Филадельфия қаласында білімімді жетілдірдім. Елге оралғаннан кейін тіл үйрету курсын ашуды мақсат еттім. Ойым мемлекет ұсынған мүмкіндік аясында жүзеге асты. Қазір ауданның кез келген тұрғынына Оксфорд методикасы бойынша ағылшын тілін үйретемін. Бұдан бөлек, біздегі ұстаздар Назарбаев зияткерлік, Білім инновация, Дарын мектебінде білім алғысы келетін шәкірттерді дайындайды. Жаңа ғимаратқа көшкелі шәкірттерді Ұлттық бірыңғай тестке әзірлеуді де қолға алдық. Орталықта көпбалалы, тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушылар тегін оқиды. Оларға демеушілік көрсететін кәсіпкерлердің саны артып келеді, деді М.Дүйсенова.
Жиын қорытындысында еңбегімен ерекшеленіп, креативтілігімен көзге түскен бірқатар жас кәсіпкер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар сәндік-қолданбалы көрмеге келіп, он саусағынан өнер тамған шеберлердің туындысымен танысты.
07 қазан 2019 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930