» » Қосшыңырау ауызсумен қамтылды

Қосшыңырау ауызсумен қамтылды

Өткен аптадан бастап әкімдер есеп беруде. Әр ауданда, ауылдарда әкімдер атқарған жұмысын баяндауда. Осы орайда қалаға қарасты Қосшыңырау ауылдық округіне атбасын тіредік.
Ауылда өзгеріс көп, алға ұмтылыс бар. Ауылға кіргенде ең алғаш жаңадан бой көтерген мешіт көзге түседі. "Азия даму" ЖШС-нің төрағасы Досхан Жүнісовтің демеушілігімен салынған мешіт биыл пайдалануға берілмек. Мешітке қарама-қарсы аялдама да бой көтерген. Беріге дейін мәселе болған жолда шешімін таба бастады. Тек Бейбітшілік көшесін жөндеуден өткізу қажет болып тұр. Бірақ оны аса назарға алмадық. Себебі мәселе кез келген жерден табылады. Қазір көшеде арбамен су таситын жанды кездестірмейсіз. Себебі ауыл 95 пайыз ауызсумен қамтылған. Сонымен ауыл әкімі Дулат Таудайдың есебінде не айтылды?
    –  Жұмыссыздық деңгейін жою мақсатында ауылдық округте 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Одан бөлек 25 адам қоғамдық жұмысқа, 7 адам жастар практикасына жолданды. 3 адам кәсіби оқу және қайта даярлау бойынша білімін жетілдірді. Ауылда 122 кәсіпкер тіркелсе, былтыр 15 кәсіпкерлік жаңадан тіркелді. Мемлекеттік бағдарлама аясында 85,0 млн теңге құрайтын 15 жоба іске асырылды. "Агро бизнес" бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы құны 45,7 млн теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылды. "Алтын асық" бағдарламасы аясында жалпы құны 15 млн теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылды. Ал Нәтижелі жұмыспен және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды жалпы құны 6,4 млн теңгені құрайтын 13 жоба қолдау тапты. "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында "Бизнес-Бастау" оқытуы бойынша 13 ауыл тұрғыны сертификат алды. Былтырғы Жастар жылы аясында 3 жас кәсіпкер 8,5 млн. теңге қаражат алып, кәсібін бастады, – деді ауыл әкімі.
Есептік кездесу барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындар сауалына жауап берді. Ауыл тұрғыны,  зейнеткер Қыдырбай Байкенов жарық мәселесін алға тартты. Досан ауылында күн өткен сайын халық саны артып келеді. Мұнда қоныс аударып келіп жатқан тұрғындар бар. Алайда мұндағы электр бағаналары дұрыс орнатылмаған. Халық өз бетінше жарық жүргізген. Осы мәселені реттеп беруді сұрады. Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы, бұл мәселе көп ұзамай шешімін табатынын айтты. Бүгінде Досан ауылына электр бағаналарын орнату мақсатында жоба сметалық құжаттар жасалғанын, алдағы уақытта жаңадан бағаналар орнатылатынын жеткізді.
Қосшыңырау округінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету дәстүрге айналған. Мұнда өткен жылы 171 отбасы әлеуметтік көмек алған. Сондай-ақ қайырымдылық шаралар жиі ұйымдастырылады.
20 қаңтар 2020 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

08-337

27 ақпан 2020 ж.

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829