» » 42500 теңге. Студенттер мен зейнеткерлерге беріле ме?

42500 теңге. Студенттер мен зейнеткерлерге беріле ме?

  ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алып жүрген азаматтардың 42 500 теңгені ала ала ма деген сауалға жауап берді.

Мұндай азаматтарға ай сайын мемлекет тарапынан зейнетақы, жәрдемақы төленіп келеді. Олар төтенше жағдайға қатысты тоқтаған жоқ. Керісінше, мөлшері артуда, индексация жасалды. Оны мамыр айында сәуірде қосылғанымен бірге алады. Бірақ, бұл азаматтар 42500 теңгені ала алмайды. Алайда, зейнеткер немесе мемлекеттік жәрдемақы алып жүрген көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар төтенше жағдайға дейін ресми  түрде жұмыс істеген болса, онда біз оларды ескереміз, мұндай азаматтар өтініш бере алады,-деді министр.
Студенттер - еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматтары. Еңбек заңына сәйкес, 16 жастан бастап әр адам жұмыс істеуге құқылы. Шәкіртақы алатындығына, алмайтындығына қарамастан жұмыс істеуіне еш кедергі жоқ. Ондай шектеу де қойылмайды. Даяшы, сатушы болып жұмыс істейтін студенттер бар. Олар ресми және бейресми жұмыс істеп жүр. Сондықтан, барлық азаматтарға бірдей тәртіп студенттерге де қатысты. Егер ресми жұмыс істесе, жұмыс беруші береді. Ал өз бетінше ақша тауып жүргендер болса, өтінішті өздері беруі қажет. Бірақ, одан бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлем жасауы керек. Сол кезде әлеуметтік төлем алады. Біз студенттің шәкіртақы алып-алмайтындығын тексермейміз,-деді Біржан Нұрымбетов.
Сізге әлеуметтік төлем бір рет тағайындалып, төленген болса, екінші рет өтініш беріп қажет емес. Сіз тіркелдіңіз, төлем берілді, біз сіздің жеке мәліметтеріңізді көріп отырмыз. Төтенше жағдай созылса, төлем келесі айда рет-ретімен өздігінен төлене береді. Сондай-ақ, халық алғашқы айдың төлемін толық алдық, енді карантин жарты айға созылды, төлемнің де жартысы ғана төлене ме деген сауал тастауда. Жоқ, бұл ерекше төлем. Егер сіз өтінішті 29 сәуір күні өткізсеңіз де, біз бір күн, жарты ай деп бөлмейміз. Толығымен төленеді,-деді ол.
Халықтан келіп жатқан сұрақтар арасында студенттердің төлем алуға мүмкіндігі бар ма деген сауал болып отыр. Министр студенттерге деген бөлек санаттың жоқ екенін айтты. Министр төтенше жағдайдың мерзімі созылғанына қатысты халықты алаңдатқан әлеуметтік төлемге арналған өтінішті екінші мәрте беру керек пе деген сауалға тоқталды.

BAQ.KZ

13 сәуір 2020 ж. 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031