» » Ескі 500 теңгеліктер 10 маусымнан кейін жарамсыз болады

Ескі 500 теңгеліктер 10 маусымнан кейін жарамсыз болады


Kyzylorda-news.kz. Ұлттық банк 2020 жылдың 10 маусымында 2006 жылы шыққан 500 теңгелік банкноттардың ақша айналымынан алынатынын еске салды.
«Бүгінгі күні 2006 жылғы 500 теңгелік банкноттар жаңасымен бірге ақша айналымында жүр, ол заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстаның барлық аумағында төлемдер мен ақша аударымдары үшін қабылдануға тиіс»,– деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
2020 жылдың 10 маусымына дейін төлем құралы ретінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Банкнот пен монеталарды қабылдайтын заңды төлем құралы автоматтар да ескі 500 теңгелікті қабылдаудан бас тартуы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 206-бабын бұзуға әкеліп соғады.
Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық банк тиісті шара қолданады.
2020 жылдың 10 маусымнан кейін (кезең аяқталған соң) екінші деңгейдегі банктер қатар айналыс кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды;
Ұлттық Банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.
Осылайша, 2020 жылдың 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды.
Сонымен бірге, 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді.

17 сәуір 2020 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031