» » АВТОКӨЛІК: ҚАНША, ҚАЛАЙ, ҚАЙДА?

АВТОКӨЛІК: ҚАНША, ҚАЛАЙ, ҚАЙДА?

   Минут сайын 6 адамды құтқарады
Автокөлікте елеусіздеу көрінетін  қауіпсіздік белдігі минут сайын кем дегенде 6 адамның өмірін құтқарады екен. Демек бұл өнертабыс бүгінге дейін  миллиондаған адамның өмірін сақтап келеді.  Айта кетейік, белдікті алғаш рет Вольво компаниясы ойлап тапқан және өнертабысын барлық өзге компанияның тегін пайдалануына рұқсат берген.
Әлемде қанша көлік бар?
 Осыдан екі жыл бұрын жер бетіндегі көлік саны 1,2 миллиардқа жеткен. Автокөлік санының көбеюіне Қытай, АҚШ сынды алпауыт мемлекеттердегі  жаңа маркадағы көлік сатылымы әсер еткен. Мамандардың болжамынша, 2050 жылы дүниежүзінде 2,5 млрд автокөлік болуы мүмкін.
 Бір тәулікте қанша көлік шығарылады?
Халықаралық автокөлік өндірушілер қауымдастығының (OICA) ақпараты бойынша, әлемде әр күн сайын 165 мыңға жуық автокөлік шығарылады екен. Он жылдан кейін бұл көрсеткіш екі есеге артуы мүмкін дейді мамандар.
38 сағат кептіліске кетеді
     Әдетте Алматы қаласындағы кептелісті жиі сөз етеміз. Алайда кептелісте тұру уақыты бойынша антирекорд АҚШ халқына тиесілі екен.
Ондағы әрбір тұрғын орташа есеппен жылына 38 сағатын кептеліске арнайды.
Flying Car қалай ұшады?
      Flying Car ‒ бір минутта  ұшаққа айналып, сағатына 100 миль (160 км) жылдамдықпен көкке самғайтын автокөлік. Daily Mail
басылымының ақпараты бойынша көлікті АҚШ өнертапқыштары ойлап шығарған. Автокөлік гибридті электр қозғалтқышпен, багаж сақтайтын кең орынмен, соңғы үлгідегі қауіпсіздік белбеуі, жастығымен, орындық үлгісімен ерекшеленеді. Әрі      Flying Car-да камера мен жаңа парашют жүйесі орнатылған. Көліктің салмағы 590 келі болатын жиналмалы қанаты 3048 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Ең қызығы, TF-X көлігі ешқандай да әуежайды қажет етпейді. Ол кез келген жолда, автомагистральда жүре алады екен.
Дайындаған Г.ЖҰМАДИН
18 қаңтар 2020 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930