» » Әуе рейсінің қауіпсіздігі ‒ басты назарда

Әуе рейсінің қауіпсіздігі ‒ басты назарда

«Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі – күнәсына өкініп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі – Отанды қорғап, шекара күзеткен көз» деген хадис бар. Тұтас бір мемлекеттің қауіпсіздігі үшін қызмет ететін әскери маманның осындай жауапкершілігін сезінгенде, оған деген құрметтің арта түсері анық. Ел үшін атқарған еңбегі адал Ақсұлтан Жанатұлымен тілдесу барысында да осыған көзіміз жетті.
Қазір шекара қызметінің Қорқыт ата әуежайында қызмет ететін Ақсұлтан ‒ Атыраудың тумасы. Мұнайлы өлкенің Индер кентінде дүниеге келген ол М.Әуезов атындағы орта мектепте білім алған. Кейін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына оқуға түсіп, құқықтану мамандығын бітірген. Сапалы білімді жас маман сол жылы ҚР ұлттық қауіпсіздік шекара қызметінің әскери институты жайлы естігенін айтады. Оқу орны жайлы барлық ақпаратты жинаған ол көп ұзамай құжаттарын түгендеп, Алматыдағы әскери институттың табалдырығын аттайды. Арада төрт жыл өткен соң нағыз әскери қызметші ретінде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысында абыройлы еңбек етеді. Бүгінде қызу тірліктің ортасында жүрген Ақсұлтан пандемия уақытындағы бөлім жұмысының жауапкершілігі жоғары екенін жеткізді.
‒ Халықаралық әуе рейстерін мемлекеттік шекарадан қауіпсіз өткізу, шетелден келген тұлғалардың құжаттарын тексеру және өзге мемлекеттен жеткен әуе көліктерін қадағалау ‒ біздің басты міндетіміз. Пандемия басталмас бұрын Мәскеуден және жазғы уақытта Анталиядан тұрақты рейстер қатынап тұрды. Алайда карантин кезінде бұл рейстің бәрі тоқтатылды. Тек қана чартерлік рейстерге халықаралық комиссия шешімімен рұқсат берілді. Айта кетейін, рейстер мемлекеттік шекарадан өтпес бұрын санитарлық бекеттерде арнайы тексеріледі. Қазір жолаушылардың маска тағуы, денсаулығы қатаң қадағалануда.
Қызмет барысында ҚР Президентінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының және Қызылорда облысындағы департамент бастығының тапсырмаларын орындауды басты қағида деп есептеймін. Конституция мен мемлекет туралы заңның талаптарын бұлжытпай орындау үшін бар күшімізді саламыз, ‒ дейді Ұлттық қауіпсіздік шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің Қорқыт ата әуежайындағы бөлімшесінің бастығы А.Жанатов.
Ақсұлтан тілдесу барысында әскери қызметшіге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын да атап өтті. Бүгінде үш баланың әкесі тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Гүлдана ЖҰМАДИНОВА

17 қазан 2020 ж. 43 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

42-371

22 қазан 2020 ж.

41-370

15 қазан 2020 ж.

40-369

08 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031