» » Отандық дизайнерлер Италиядағы сән көрсетіліміне қатысады

Отандық дизайнерлер Италиядағы сән көрсетіліміне қатысады

19 ақпанда Италияның Милан қаласында сән көрсетіліміне халықаралық байқаулардың жеңімпаздары болған отандық дизайнерлер қатысады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтылдыі.
«Сән мен сахна» фестивалі жыл сайын жеңімпаздарды Милан қаласында таныстырады. Бұдан бөлек Отандық дизайнерлер Әзірбайжан мен Түркия елдеріне баруға мүмкіндік алған.
«Түркияға барғанда олардың өз дизайнерлерінің киімдерін ғана киетінін байқадым. Енді ақшалы, бренд атаулыны ұнататындары болмаса, халықтың көпшілігі өз өнімдерін сатып алады. Мен де біздің ел осындай дәрежеге жетсе деп ойлаймын. Сондықтан, менен көмек сұраған жас дизайнерге қол ұшымды беруден ешқашан аянбаймын. Осы байқау арқылы әрбір қазақ қызын еңбекке баулып, өздерін көрсетуге мүмкіндік бергім келеді» - деді фестивальдің бас директоры Ханым Айдаш.
Фестивальдің негізгі мақсаты - отандық дизайнерлерді қолдау және шетелдерге таныстыру.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясы барысында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көркемсуретші ГүлмираТелғозиева өзінің дизайнерлік орамалдарын көрсетіп, жұмыстарын көпшілікке таныстырды. Маман осындай өнер туындыларын жасауда қайдан шабыт келетінімен бөлісті.
«Мені біздің табиғатымыз қатты тамсандырады, таңғалдырады. Француз көркемсуретшісі – Эдгар Деганың жұмыстарынан шабыт аламын. Кезінде суретші балет өнерінің жұмыс барысын көркемдеген», - деді Гүлмира Телғозиева.
Спикерлердің айтуынша «Сән мен сахна» тек фестиваль емес, сонымен қатар,әділ-қазылардан құралған үлкен байқау. Бұл - отандық жас дизайнерлер үшін жасалған үлкен мүмкіндік.
«Біз жас дизайнерлер арасында байқау өткізу мақсатында 5 жыл қатарынан еліміздің барлық аймағын қамтып отырмыз. Біздің фестиваль - жас дизайнерлер үшін үлкен бастама. Бұл жерде модельер қарапайым ательеден бастап халықаралық жоғары дәрежедегі дизайнерге дейін өсуге мүмкіндік алады. Нәтижелі 10 жылдық жұмыстың арқасында фестиваль 50-ден астам қазақстандық жас дизайнерлерге үлкен бастама бере алды, еліміздің эстрада, киноиндустриясы, Отандық телеарналар үшін 20-дан астам имиджмейкер дайындады» - деп атап өтті жоба жетекшісі Мереке Нұрмұханова.
Сондай-ақ, биыл фестивальдің 10 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланып отыр.

13 ақпан 2018 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 33 (258)

16 тамыз 2018 ж.

№ 32 (257)

09 тамыз 2018 ж.

№ 31 (256)

02 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031