» » БАЙҚОҢЫРДАН «СОЮЗ 2.1А» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛДЫ

БАЙҚОҢЫРДАН «СОЮЗ 2.1А» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛДЫ

  
Байқоңыр ғарыш айлағынан 13 ақпан күні Астана уақытымен сағат 14:11-де Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) «Прогресс МС-08» жүк кемесін тіркеген «Союз 2.1А» зымыран тасығышы ұшырылды. Ғарыш кемесі станцияға үш тоннаға жуық жүк жеткізеді. Ғарыш кемесі станциямен 15 ақпан күні түйіседі деп жоспарланған.
    «Союз 2.1а» зымыран тасығышы әуелде 11 ақпанда ұшырылады деп жоспарланған еді. Бірақ сол күні ұшыру 13 ақпанға шегерілген. Зымыран қозғалтқыштардың автоматты түрде өшіп қалғанынан ұшырылмағаны хабарланған.
    Зымыран халықаралық ғарыш станциясындағы экипажға жанар май, сығымдалған газ, су, ғылыми құралдар, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және жеке гигиеналық заттарды жеткізеді.
14 ақпан 2018 ж. 498 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30