» » Үйленудің денсаулыққа пайдасы көп

Үйленудің денсаулыққа пайдасы көп

 Үйленген және күйеуге шыққандардың денсаулығы бойдақтарға қарағанда жақсырақ болатындығын болжайтын зерттеулер бар. Мысалы, бойдақтарға қарағанда үйленген және күйеуге шыққан адамдар ұзақ өмір сүреді, оларда инсульт пен инфаркт сирек кездеседі, депрессияға аз түседі және қауіпті операцияларды жеңіл өткізеді. Бірақ бұл жолдасыңыз болса болғаны, денсаулыққа байланысты осы мәселелерді автоматты түрде шеше аласыз деген сөз емес. Некеде бақытсыз, отбасыда әрқашан күйзелісте болатын адам, керісінше, өздерін айналасында жақындары мен достары бар бойдақтардан да жаман сезінеді. Бір қызығы, үйлену әйелдерге қарағанда ерлердің денсаулығына көбірек байланысты екен. Жақында Англияда өткізілген зерттеуге инфаркттан аман қалған 25 000 адам қатысқан. Зерттеу нәтижесі бойынша, үйленген немесе күйеуге шыққан адамдардың тірі қалу мүмкіндігі жалғыздарға қарағанда 14%-ға жоғары болған. Бұл зерттеу бойынша, неке мен инфаркттан кейінгі жақсы көңіл күйдің арасында қандай да бір байланыс бар екенін білеміз. Мұндай байланыстар неге қатысты екендігін анықтау үшін ғалымдар зерттеулер жүргізуде. Мынадай айқын теориялар да бар: - Иммунды жүйенің жұмыс істеуі. Зерттеулер бойынша, бақытты қатынастағы адамдардың бақытсыздарға қарағанда иммунды жүйесі күшті болады екен. Некедегі адамдарда жалғыздарға қарағанда кортизол гормоны аз мөлшерде бөлінеді. Ал кортизол деңгейі әдетте, күйзеліс деңгейін көрсетеді. Кортизолдың жоғарғы деңгейі иммнуды жүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін. - Адамдардың үйленгеннен немесе күйеуге шыққаннан кейін жүріс-тұрысы өзгереді. Некедегі адамдар бойдақтарға қарағанда орта есеппен, тәуекелге аз барады, жақсырақ тамақтанады және салауатты өмір салтын ұстануға тырысады. - Некедегі адамдардың жан денсаулығы жақсырақ. Төмен әлеуметтік қолдауды депрессияның жоғарғы деңгейімен және жалғыздықпен байланыстырады. Ол өз кезегінде денсаулыққа әсерін береді. Отбасы – қандай жағдай болмасын, бір-біріне сеніп, «қанат» сыйлайтын және әрдайым қолдау беретін жандардан тұрады. Сол қолдаудың, өзіңіздің біреуге керек екеніңізді білудің және сізді жақсы көретін адамдардың барын сезіну – жан-дүниеңізге тыныштық сыйлайды. Жақын жандарыңыздың амандығын, күлімдеген жүздерін көре жүру – денсаулығыңызға жағымды әсер беретінін ешбір ғылым дәлелдемей-ақ, ішкі дүниеміз сезетін жағдайлардың бірі.  


26 ақпан 2018 ж. 1 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

31-308

01 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031