» » Таулардың биігін аласартпай

Таулардың биігін аласартпай

 Қазір бір-бірін қаралау, масқаралау қалыпты дүниеге айналып барады. Әсіресе, ел танып, жұрт білген тұлғаларды «жерден алып, жерге салу» таңсық емес. «Ел басына күн туса, етігмен су кешетін» ерлердің бір-бірімен айтысуға көшкені – жүректі ауыртады. Мұндайда екі жақсыны біріктіретін бітімгершілігіміз ұмыт қалғандай.
Кезінде Мұхтар Мағауин, Рақымжан Отарбаев, Мұхтар Шаханов арасындағы тартыс, бір-бірін жақтаған, даттаған даулар біраз жерге барысты. Әрқайсысының шығармашылығына құрметпен қарайтын оқырман бұған абдырап қалған-ды. Кейіннен Әбіш ағамның (Кекілбаев-ред) мансабына қатысты да бірнеше сайттар қаралаған мақалаларын қарша боратты. «АзиЯ»-сымен бізді әлемге танытып, «Қыш кітабымен» тарихи ойдың дамуына түрткі болған  Олжас Сүлейменовтің кейбір пікірлерін алға тартып, «Алжас» дегендер де аз болмады.
Осыдан 30 жыл бұрын дәурені дүрілдеп тұрған Одақ тұсында «Қазақстан – рухани отар ел емес, оны отар ел деп қарайтын өркөкіректік көзқарасты ұялмай насихаттап жүргендердің ары таза емес!» дегенді айтқан кім еді?! Осы Олжас ағамыз болатын. «1962 жылы қазақ мектептері азайып, қазақ тіліне қысым жасалған уақытта «Ана тілімді әлемдік деңгейдегі тарихи орнына қою – менің парызым. Ол индеецтердің тілі секілді өлі тілге айналмауы тиіс. Ондай зауалдан құдай сақтасын» деп мақала жазып, ұран тастаған да Олжас болатын. Сол кезде әлгі жанашырлар қайда қалды?! Бүгінде сол Олжасты оқтың ұшына байлап, мазақтай сөйлеу машыққа айналып барады» деп жазған еді жазушы Тұрсын Жұртбай. Мұндайда Қазтуған жырау «Азамат ердің баласы жабыққанын білдірмес, жамандар мазақ қылар деп» демей ме?!
Ел таныған тұлғаларымыздың асылық айтқан азғантай қателігі арқылы оның бар жақсылығын жуып-шайып кетуі дұрыс па?! «Біріңдіқазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» (Абай) болмай ма?! «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деп ішкі жарамызды сыртқа білдірмеген халықпыз. «Ерегекен ел болмас» дейді қазақ. «Таулардың биіктігін аласартпай, дархан даланың кеңдігін дәріптегенге» (Олжас Сүлейменов) не жетсін, шіркін?! 
Арай РАХЫМ
13 наурыз 2018 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

№ 36 (261)

06 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930