» » Сыр өңірінің қара шаңырағы

Сыр өңірінің қара шаңырағы

Қызылордаға – 200 жыл
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры 1955 жылы Қаратал, Еңбекшіқазақ және Ақсу аудандарындағы колхоз-совхоз театрларының негізінде Талдықорған қаласында құрылды. Өзінің тұңғыш шымылдығын Талдығорған қаласында көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоты» трагедиясымен ашты. 1960 жылы Қызылорда облыстық қазақ драма театры болып, Сыр еліне көшіп келді. 1970 жылы театрға Нартай Бекежанов есімі берілді. Уақыт өте келе, театрға Алматыдан арнаулы білім алған мамандар келе бастады. Олар Хұсейін Теміров, Әлия Арысбаева, Шайтұрсын Әбдібаева, Гүлжаһан Әбекенова, Якуда Халықұлов, Бақытбек Алпысбаев, Рашида Түгелбаева, Асқарбек Сейілханов, Ермекбай Жақыпов, Ғалия Ағыбаева, Алмагүл Артықбаева, Гүлсім Бегімова, Ерсайын Төлеубаев, Еркін Смағұлов, Айымкүл Елемесова сынды талантты артистер.
1977 жылы режиссер Х.Теміров сахналаған В.Шекспирдің «Король Лир» спектаклі (суретші С.Пірмаханов) классикалық туындылардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Шығармашылық жетістіктері үшін теарт ұжымы Бүкілодақтық Венг драмутргиясы (1978), Неміс драматургиясы (1980), ССР халықтары драматургиясы (1982), фестивальдерінің лауреаты атанды. «Король Лирдегі» еңбегі үшін С.Пірмаханов І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Әмір-Темір Хусейін – Қызылорда Облыстық Драма Театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында режиссер болып қызмет атқарады. Ол 1965-1966 жылдары Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрында карьерасын актер ретінде бастаған, кейін Қызылорда облысына келді.
27 наурыз – халықаралық театр күні
ТОП ЖАРҒАН ТЕАТР ТАРЛАНДАРЫ
 
    «Хас сұлудың көз жасындай» мөлдір де саф өнердің өрісі кең. Оны жылдар бойғы тынымсыз еңбек пен шынайы талантының арқасында халықтың кәдесіне жаратып, айдындандырып, қоғамның келеңсіз тұстары мен жайдарман жаңалықтарын айшықтап, сан ғасырлық тарих қатпарындағы сырларды көрермендердің санасына орнықтырып келе жатқан театр әртістерінің еңбегі ерен. Сондықтан да оларды өнерсүйер халқы ерекше қастерлеп, мерекелерін ел көлемінде ерекше тойлап жатады. Оған дәлел – Халықаралық театр күні мерекесінде өткен салтанатты кеш.«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп Шәкәрім ақын айтқандай, аталмыш мереке жылдағыдан өзгеше форматта өтті. Әдетте өнер майталмандары көрермендерге қойылым қойып, халықтың ыстық ықыласына кенелгенін көңілге медет тұтатын болса, биылғы мейрамды Голливуд жұлдыздарынан кем өткермеді. Мәселен, кеш барысында үздік қызметкер мен БАҚ өкілдері марапат биігінен көрінді.
    Мереке күні театр өнері туралы үздік видео түсірілімдер жасағаны үшін «Театр өнерін насихаттаушы» номинациясымен «Қызылорда» телеарнасының операторы Ахан Әлиев, сахна шеберлерінің өнердегі өмірі туралы үздік мақалалар жариялағаны үшін «Театр өнерін насихаттаушы» номинациясымен Облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Назерке Саниязова марапат бигінен көрінді. Жыл бойына табысты еңбек еткен «Үздік қызметкер» номинациясымен театр менеджері Кенжегүл Жүсіпова, сахна жұмысшысы Жанболат Кәрімбердиев және кіші қызметкер Жазира Бұлтынбаева, «Қуыршақ спектакліндегі табысты ролі» номинациясымен Әже ролі үшін артист Айгүл Қиятова, «Ғашықтар хикаясы» комедиясындағы Ақмақта ролі үшін «Эпизодтық табысты әйел бейнесі» номинациясымен артист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Үмүгүлсін Бегімова және «Ойнайықшы бір, ойлайықшы бір...» комедиясындағы Файл ролі үшін «Эпизодтық табысты ер бейнесі» номинациясымен артист Данияр Сабыров, жыл бойында сахналанған спектакльдерді бимен көркемдегені үшін «Үздік қойылым» номинациясымен балетмейстер Маржан Абишева, Уильям Шекспирдің «Макбет» трагедиясындағы Мыстан ролі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясымен артист Мирамкүл Пұшпақова, «Театрымыздың тарихи тұлғасына айналған артист Яхуда Халықұлов атындағы ауыспалы жүлдемен» артист Қанат Архабаев, «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Әлия Арысбай атындағы ауыспалы жүлдемен» артист Ақтолқын Төлеуова, «Қазақстанның халық артисі Серік Шотықов атындағы ауыспалы жүлдемен» артист, мәдениет саласының үздігі Темірбеков Бақытбек марапат биігінен көрінді.
Мерекелік кеште теарт ұжымы көреремендерін өзге де таланттарымен тәнтті етті.
Сахнагер – 2018
 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Қазақстан театрлары ассоциациясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен «Сахнагер –2018» ұлттық театр сыйлығын табыстады. Жетістікке жеткендер қатарында Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының актеры, жастар труппасының жетекшісі Асқар Оразәлиев бар. Ол «Үміт» номинациясын иеленді.
Асқар Оразалиев – Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Облыстық театрда 2011 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Оның сан қырлы талантын аша түскен дүниесі – Рақымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектакліндегі Темірбек Жүргеновтың образы.
А.Оразалиев тек театр қойылымдарында ғана емес, республика, облыс көлемінде өткен іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып келеді. Спорт саласында да бағын сынап, театрдың жастар труппасынан құралған футбол командасында ойнайды. Жас актер 2014 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қолдауымен театр жанынан құрылған жастар труппасының жетекшісі.
Үздік көрермен
   Халықаралық театр күніне орай жыл көлеміндегі театр қойылымдарының тұрақты көрермені Алмат Шалқарбаев «Үздік көреремен» номинациясы бойынша марапатталды.
Алматқа ұнаған қойылым: «Ойнайықшы бір, Ойлайықшы бір» «Ұйқыдағы ару», Жүз жылдық махаббат» «Адам болып өтейін» т.б.
Ұнайтын артисті: Мирамкүл Пұшпақова, Ақтолқын Төлеуова, Айгүл Қиятова, Қанат Архабаев .
«Бүгінде сахнада қойылатын қойылымдардың барлығын дерлік үзбей тамашалаймын. Жас актерлердің шеберлігі, өзін-өзі ұстау мәдениеті ұнайды. Үздік көрермен атанамын деген ой болған жоқ. Театр ұжымына шығармашылық табыс тілеймін»,- деді Алмат.
Көрерменге көзайым болған қойылым
Баянғали Әлімжановтың «Ойнайықшы бір, ойлайықшы бір» комедиясыжастар труппасының қатысуымен өтті. Спектакль жас көрерменнің жүрегіне жол тапты.
Студент Уылдырық өмір сынағына тап болады. Алайда адал достықтың туын көтерген жан достары Тықыр мен Майтабан көмекке келеді. Бірі қолдап, бірі алдап, әйтеуір амалын тауып құтқарып қалады. Басты рольдегі Уылдырық пен Бекірешті Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын биыл ғана бітіріп келген Санат Жүзбай мен Зарина Кенжеәлі сомдады. Жастар труппасының қатысуымен өткен спекталь Қызылорда қаласының жас көрермендерінің жүрегіне жол тапқандай әсер қалдырады.
Үкілі Үміт
      Театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Төребайұлының «Талант – жаратылыстан сүйексіңді қасиет. Жас талапкер бойындағы бар талантын еңбекқорлықпен жалғастыра алса ғана мақсатына жетеді» деген еді. Міне, бүгінде театр сахнасында өз өнерімен, дарынымен көзге түскен артистер мереке қарсаңында биік белесті бағындырды. «Ойнайықшы бір, ойлайықшы бір...» комедиясындағы Уылдырық ролін сомдағаны Санат Жүзбай, Бекіреш ролін сомдаған Зарина Кенжәлі бар. Аталмыш мерекеде олар «Үкілі үміт» номинациясымен марапатталады.
Ең үздік ер бейнесі
Евгений Миронов: «Актер бір-ақ сұраққа жауап беру керек. Мен ойнағанда не туралы айтып тұрғанымды білуім қажет», - дейді. Актер – өз тағдырын емес, өзгенің болмысын сомдайтын және біреудің жақсылығын да, жамандығын да жүрегіне тоғытып, халыққа жеткізуші. Сондай-ақ, актер өнері – екінің біріне қонбайтын ерекше бақыт. Ол өзгенің өмірін жаңғырту сахналау арқылы көрерменге ой салады. Жұмыстың қиындығына қарамай, аянбай тер төгіп жүрген дарынды талант иелері көп бізде. Соның бірі – Бауыржан Ошақбаев.
Ол –  Қанат Жүнісовтың «Ғашықтар хикаясы» комедиясындағы  Дастан ролі үшін «Ең үздік ер бейнесі» номинациясын иеленді. Нағыз актер – ешқашан шыққан биігіне қанағаттанып, тоқмейілсімейтіні белгілі. Өзін, өзгені сыйлайтын актердің үздіксіз ізденіс үстінде жүретіні хақ. Бауыржанның бойынан осындай қасиет аңғарылады.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
05 сәуір 2018 ж. 231 1

Театр от 6 сәуір 2018 10:13
Мақала жақсы жазылған, дегенмен rейбір жерлерде тіпті  көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығайдың біршама (бір тұстарында ғана айтылған)текстері сілтеме жасалмай-ақ көшірілген екен! (Актер – өз тағдырын емес, өзгенің болмысын сомдайтын және біреудің жақсылығын да, жамандығын да жүрегіне тоғытып, халыққа жеткізуші. Сондай-ақ, актер өнері – екінің біріне қонбайтын ерекше бақыт. Ол өзгенің өмірін жаңғырту сахналау арқылы көрерменге ой салады.) Тағы сол сияқты театрдың берген жеке актерлердің өмір баяны сол күйінше көшере салынған!  Сондықтан шамалы "Ұят" деген болу керек-ау! Бұл бірінші рет емес, облыстық БАҚ беттері көбінесе осылай жасайды! Журналистика деген мамандықтың да қадір-қасиеті қалмады-ау! Өйткені кім көрінген дайын материалды алып, өз фамилиясын қоя салады!Кейін өз атынан кітап шығарып жатса, таң қалмаймын! Бірақ Қазақстан Республикасының Заңнамаларында "Авторлық құқық" туралы арнайы баптары бар! Сондықтан әрбір жазылған мақаланы бірнеше рет оқып, жариялау керек! Өз ойымен! Өз көзімен көргенін! Бұл жеке пікірім!  Іске сәт!!!

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031