» » Ақшада көз жоқ

Ақшада көз жоқ

Мәссаған!
   Ақша адамды қайда жетелейді? Ол адамдарға нағыз қуаныш пен бақытты сыйлай ала ма? Қалай айтсақ та, ақша туралы әркім әртүрлі көзқарас ұстанатыны белгілі. Ақша болса аламын деген дүниеңнің бәрін сатып ала аласың, бірақ, қуаныш пен бақыт сезімін сатып ала алмайсың.
 Досыңнан ақша сұраудан бұрын ойлан, саған ақша маңызды ма, дос маңызды ма? Қалтасында ақшасы бар адам кедей болуы екіталай, бірақ ақшадан басқа ештеңесі жоқ кедейлер өмірде жетіп артылады. Қанағат пиғылы тек ақша табу қабілетің мен көңілдегі арманыңа қабысқанда ғана пайда болады. Ақша кінәлі емес, тек ақша үшін бәрін істеуге дайын тұратын адамдар бар кінәсін ақшаға жабады. Ақша өте жақсы құл, бірақ ол өте рақымсыз қожайын.
Америкалық психологтар  бүкіл әлем бойынша бақытты адамның жалақысы қанша болатынын есептеді. Мамандардың мәліметінше, әлем бойынша ең тиімді орташа жалақы - жылына 95 мың доллар. Алайда эмоциялық теңдік үшін жылына 60-75 мың доллар да жеткілікті екен. Ал балалары бар отбасыларға көбірек ақша қажет, десек те бұл отбасы мүшелерінің санына қатысты емес. Мысалы аустралиялықтарды алсақ, бір адамға жылына 125 мың доллар, ал Солтүстік Америка тұрғындарына­105 мың, Батыс Еуропа­100 мың доллар қажет екен. Шығыс Еуропа тұрғындарына бақытты болу үшін жылына 45 мың доллардан аз таппаса болды, Оңтүстік Америкада одан да аз­35 мың доллар.
Gallup консалтгингтік компаниясының дүниежүзілік рейтингі жалақы деңгейі мен өмірге көңілі толу сезімін байланыстыра келе, адам қаншалықты көп табыс тапса, соншалықты бақытты болады деген тұжырымға келіп отыр.
Ал психологтар қаншалықты көп ақша тапсақ, қалауымыз да соншалықты өседі дегенді айтады. Зерттеушілер ақша мен бақыт арасында түрлі мәдениетте ауқымды проблема барын айтып отыр. Олардың есептеуінше, ерлерге бақытты болу үшін жылына 90 мың доллар, әйелдерге 100 мың доллар қажет.
Ал сіздің жылдық жалақыңыз сізді бақытты ете ме?
Мүсілім Бәйдібек
WEPROJECT.KZ сайытынан аударылды
14 мамыр 2018 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031