» » Бояусыз бойжеткенді қашан көрдің?

Бояусыз бойжеткенді қашан көрдің?

Телефон шырылдады. Көтергенім сол еді. Болат екен. Айтпақшы бұл кім деп отырған боларсыз? Тәп-тәуір араласатын жолдас. Әжептеуір қызмет істеп жүрсе де, басына бұғалық, аяғына тұсау түспеген бойдақтың бірі. «Соткісіне» шұқшиып, желіге желімдей жабысып, қыздарға жылы сөздерін аямайтын бүгінгінің  «серісі».
– Әлләу, – дегенімше болмады, ар жақтан  Бәкеңнің ырқылдаған күлкісі бастала бастады.
– Не істеп жатырсың, – деді әдеттегі амандық саулықтан соң.
– Жатқан сол. Еріне жауап бергеніме қараған ол жоқ, тұтқаның ар жағынан әңгімесін жалғай берді.
– Кеше кездесуге барғам ғой. Алдында айтқан қызбен ше?
– Қай қыз? Оның Құдайдың құтты күні қырық қызға «ғашық» болатынын жақсы білетінмін.
– Өй, өткендегі екі айдан бері ватцапта сөйлесіп жүрген ше? Атын айтты. Есіме түспесе де мақұлдап қойдым.
– Содан?
– Кездескені құрсын. Қашып кеткендей болдым.
– Неге? – деп күлдім. Не айтқысы келетінін сездім. Жағдайын біршама ұғып келем.
– Интернеттегі суретіне қарасам, құдая тоба, періште сияқты. Сұлу, айтары жоқ. Кездескенде көрдім. Көрдім де...
Арғы жағы түсінікті бұл диалогтың. Досым ұялы телефонда арнайы функция «снапчат» не бояуды есін тандыра жаққан, түрін «түр» қып жасаған аруға ессіз ғашық болған...
         Жақсы. Суретте косметиканы келістіре пайдаланған сұлуды даттап, жасанды сұлулықты табиғи деп шатастырған досымды ақтап алғалы отырған жоқпын. Айтпағым басқа. Ғалымдар жазады, әрбір үшінші әйел косметикаға тәуелді екенін. Рас шығар, өйткені қаладағы кей жеңгелеріміз есік алдындағы дүкенге боянбай бармас. Ал той не бір арнайы шақырысқа баратын болса ше? Қарапайым деген отбасының өзі 15-20 мың теңгені осындай бояу мен шаш қию арқылы  құрбандыққа шала салады. Косметикаға келгенде расымен жомарт біздің нәзік жандылар, «мәңгі жас» болып көріну жолындағы күресті мықтап қолға алған сияқты. Өйткені, біздің сұлулық туралы  көзқарасымыз мүлде өзгерген. «Табысқа жетудің жолы – бет күтімі, дене күтімі» деп сабылып салон аралап, тренажер залдарында, бассейнде жүрген олардың отбасын құрып, сүйікті жар, ардақты ана болу екінші, әлде үшінші орынға түсіп кетпеді ме деп те қобалжисың. Біздегі ең жаман әдет тағы бар. Еш бояу пайдаланбайтын, сұлулық салондарына бармай-ақ, өз үйінде күтім жасап отырған кей жеңгейлерді тәрбиесі мен біліміне, көп балалы ана, отбасының ұйытқысы болып отырғанына қарамастан, сырттай тон пішіп, «күтінбейтін әйелдер» санатына жатқыза салатынымыз неліктен?! Нағыз сұлулық ол – табиғи сұлулық деп айтқанмен, іштей мойындауымыз қиындап бара жатқан секілді. Әрине, жалпы әйел адам өзіне көңіл бөлгені дұрыс. Оны біздер түсіне де бермеспіз. Бірақ косметикасыз да көркем көрінуге болатынын, бояудың да былығы (зияны) көп екенін біліп жүрсе болғаны. Айтпақшы,бетінің бар шуағын баттасқан бояу басқан бойжеткенді бүгін де көрдім. Ал, бояусыз сұлуды ше?  Тіпті, есімде жоқ.
Ержан СОЙЫРҚАС
12 шілде 2018 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930