» » Қызылордадағы атыс: Қылмыстық іс сотқа жолданды

Қызылордадағы атыс: Қылмыстық іс сотқа жолданды


Үстіміздегі жылдың 27 наурызында Қызылорда қаласында орын алған атыс салдарынан оққа ұшқан жас жігіттің өліміне байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
«Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойында орын алған бұзақылық бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) және 99-бабы 2-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, айыптау актісімен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды», - деп жазылған облыстық ішкі істер департаменті таратқан мәліметте. Естеріңізге салайық, 27 наурызда сағат 14.50-де Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесінде жастар арасында атыс болды. Әлеуметтік желіде алдымен оқиғаға куә болғандар түсірген видео тарады. Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті оқиғаны растады. Кейін құзырлы орган басшылары шұғыл баспасөз мәслихатын өткізіп, оқиғаның мән-жайын баяндады. Күдіктілер қолға түсті. Атыс салдарынан оқ жарақатын алған бір адам облыстық Медицина орталығына жеткізіліп, оған ота жасалды. Көп ұзамай Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оның қайтыс болғанын мәлім етті.
01 тамыз 2018 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

27-356

11 шілде 2020 ж.

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031