» » ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ



Жалағаш аудандық орталық алаңындағы 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар құрметіне қойылған ескерткіші майдан даласында шейіт болған екі мыңнан аса жалағаштық боздақтарды мәңгі есте қалдыру мақсатында 1975 жылы орнатылған. Жуырда ауданның белсенді жастары осы ескерткіш маңына тазалық жұмыстарын жүргізді.Жасотандықтар бұған дейін де қарапайым батырлардың ескерткіштерін әрлеп, өз күштерімен тазалық жұмыстарын жүргізген болатын. Енді "Аудандық жастар ресурстық орталығы" және "Жас Отан" жастар қанатының  ұйымдастыруымен «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырыбы аясында игілікті шара өз жалғасын тапты.– "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі" бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр – тарих. "Ел ерімен еңселі", "Елім" деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр-аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Осы орайда аудан жастары сол қайсар батыр аталарымыздың ескерткіш тақталарын тазартты. Мұндай игілікті шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады, – дейді «Жас Отан» жастар қанатының өңірдегі басшысы Н.Серәлі.Тарихшылардың айтуынша, бұл «Ер есімі – ел есінде» ескерткішінің тұғыры (пьедестал) қызыл кірпіштен тұрғызылып, сыртынан қара, қоңыр түсті кафель плиткаларымен қапталған. Ал тұғырдың қас бетіне Отан соғысы орденінің суреті, оның астына «1941-1945» деген жазулар мен георгий лентасы және лавр бұтақтарының суреттері қашалған мрамор плитасы бекітілген. Ескерткіш тақта алдына «Мәңгілік алау» бесжұлдызы орналасқан тұғыр орналасқан.Айта кетейік, қабырғада екі қатар болып боздақтардың аты-жөні, туған және қайтыс болған жылдары қашалып жазылған мрамор плиталары қағылған. Ескерткіш Москва облысының Мытищи қаласындағы металлургия зауытында қоладан құйылып, сыртынан күміс түстес бояумен боялған.Ескерткіштің биіктігі – 5 метр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында яғни, 2015 жылы аталған ескерткішке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Қорғау» тақтасы мен мемориалдық тақта орнатылды.Бүгінде аудан жастары бұл жердің тазалығын сақтап, ескерткішті күтіп ұстауға өз үлестерін қосып жүр.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ,Жалағаш ауданыЖаңалықтар04 тамыз 2018 ж. 26 0

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР:



06 тамыз 2018 ж. 516 3

Гость JeaKeenny от 5 ақпан 2019 07:28
Propecia Buy Adelaide Acheter Viagra Cialis Levitra Propecia Interacciones buy cialis online Generic Viagra Usa Shipping Priligy Mas Viagra Achat Cialis Original cialis generic Levitra Pills Online Precio Levitra 5 Mg A Partir De Amoxil Clomid Coiffure D Action viagra Propecia For Sale Cheapest Bentyl 20mg Ibs Propecia Winnipeg Order Filagra Overnight Propecia Non Prescription Viagra Ho Provato viagra How Is Amoxil Used

Гость JeaKeenny от 4 наурыз 2019 04:23
Zithromax Vs Amoxicillin Ulcers And Cephalexin buy generic levitra online Can Buy Nootropil Levitra Surdosage Dapoxetina Risultati

StevEntipt от 8 мамыр 2019 17:34
Z Achat Levitra 10mg viagra vs cialis Levitra 20 Mg Orosolubile

PDF нұсқалар мұрағаты

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

26-303

27 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031