» » Мен мұғаліммін

Мен мұғаліммін

Мамандығым – мақтанышым
    «Мұғалім деген ат – қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөз ұғынылады» Сәбит  Мұқанов. Ұстаз – ұлық мамандық иесі. Өйткені, нағыз ұстаз жаратылысынан мән-жайды жете түсінетін, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Оған қоса  шешен, өнер-білімге құштар жан. Қанағатшылдық, әділдік, батылдық секілді қасиеттерді де бойына жиған әмбебап тұлға болуы тиіс. «Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Ол күйсандық кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүруі керек», -деген сөзді оқығаным бар еді.
 Мен ұстаздық жолды ұстанғаныма қуанамын. Жас ұрпақтың білімді де білікті, парасат-пайымы мол, саналы болып жетілуі үшін тәлім мен тәрбие беріп жүргенімді өмірімнің мәні деп білемін. Бұл менің мақтаныш сезімімді оятады және артылған сенім жүгінің салмағын арттыра түседі.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап қол жеткізген бақыты – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың білімі мен тәліміне көп байланысты. Осы мақсатқа барлығымыз біріге күш жұмсап, ел ертеңін жарқын ету үшін еңбек етуіміз керек, ұлағатты әріптестер! Шәкірттердің жанына нұр құятын ұстаздар қауымының мәртебесі жоғары, мерейі үстем бола берсін!

Аян Оңдасынов,
 №11 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі
16 тамыз 2018 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031