» » ОТЫРЫП ТҰРУДЫҢ ДА ЕРЕЖЕСІ БАР

ОТЫРЫП ТҰРУДЫҢ ДА ЕРЕЖЕСІ БАР

  Үйіңізде оқушы болса, отырып тұру (приседание) жаттығуын қалай жасайтынын көріңізші.
Толығырақ тоқталсам, елімізде білім саласында шешімін таппаған мәселе жетерлік. Дегенмен соның арасында мүлде назарға алынбайтын, бір қарағанда маңызсыз көрінетіні одан да көп. Мәселен, мектепте дене шынықтыру пәнінің өту деңгейі.
Алдымен сабақ өтетін орынға келсек. Қаланың өзінде әлі күнге дейін тиісті нормаға сай, тіпті мүлде спортзалы жоқ мектептер бар. Оған қоса дене шынықтыру пәнінің мұғалімі деген мамандықты түлектер ең соңғы таңдау ретінде қарастырады.
– Мен ҰБТ-дан аз балл жинадым. Өзім мұнай саласына барғым келген. Бірақ балым жетпеген соң, амал жоқ, құжатымды денешынықтыру пәнінің мұғалімі оқуына тапсырдым. Бір жылдан кейін оқуымды бітіремін, бірақ бұл салада жұмыс істегім келмейді, – дейді 3 курс студенті Абылай Бекбосынов.
Бұл пәнге мектепте аптасына 2 рет 45 минуттан уақыт беріледі. Енді есептеңіз, оқушының киім ауыстыруы кем дегенде 10 минут уақыт алады. Балаларды жинап, түгендеу де дәл сондай. Ар жағында 15 минутта мұғалім не нәрсеге үлгереді?
Сабақтың өту деңгейі өзінің ісін жақсы көретін, шабыттана жұмыс істейтін, құлшынысы мол маманға байланысты. Егер оқушы мектептен келгенде көзінің оты жанып, өткен қызықты сабақ туралы ентігіп айтпаса, ондай мұғалім баланың бойында спортқа деген қызығушылықты тудыра алмайды. Ол болмаған соң болашақта баланың спортпен айналысуы да екіталай. Бәсекелестікке қабілетті мінездің қалыптасуы осы пәннен бастау алады. Мұғалімнің білім деңгейін анықтау үшін баладан қарапайым жаттығу – отырып тұруды көрсетуін сұраңызшы. Ол аяғының арақашықтығына, белінің қалпына қарамастан тез-тез отырып-тұратынына сенімдімін. Өйткені қалай дұрыс жасайтынын үйретпеген. 
– Отырып тұру – аяқ бұлшықетіне пайдалы жаттығудың бірі. Бірақ кез келген жаттығудың жасалу ережелері қатаң сақталмаса, ағзаға пайдасынан зияны көбейеді. Сондықтан бұл ереженің іргетасы мектеп қабырғасында дұрыс қалану керек. Ең бірінші, аяқтың арақашықтығы – иық деңгейінде, иықты көтермей, қолды алдыға созып, көрінбейтін орындыққа отырып жатқандай, жамбасты мүмкіндігінше артқа қарай созу қажет. Ескеретін жайт, тізе аяқ саусақтарының деңгейінен шығып кетпеу керек. Жартылай ғана отырып, асықпай түрегелеміз. Ең бастысы, жаттығуды жанықпай, жай қарқынмен жасау керек, – дейді Fitnessblitz фитнес клубының жаттықтырушысы Александра Закарова.
Бұл бір ғана жаттығудың ережесі. Жүгірудің де, секірудің де тағы басқа да жаттығудың өзіне тән ережелері бар. Бірақ оларды мектепте түсіндіре ме? Шарттары сақтала ма? 
Әсел БЕГМАН
13 қыркүйек 2018 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031