» » Өгей шешенің өктем мінезі

Өгей шешенің өктем мінезі

  Шаңырақ көтеріп, кейін айырылысып кететіндер өте көп. Ортада бала қалады көзі жәутендеп. Сосын "жалғыздық Құдайға ғана жарасқан" деген ұранмен өзгемен қол ұстасып кете барады. Өгей әке, өгей шеше. Десе де ана мен әке орнын ешкім баса алмайтынын ұмыт қалдырдық.
Жақында Шымкентке жол жүрдім, Қаратас ауылында екі күн болдым. Таза ауа, самал жел. Сөз жоқ, тұнған әсемдік. Бірақ бір оқиға әлі күнге көз алдымнан кетпейді.  Біз барған үйдің алыс туысқаны осыдан бірнеше жыл бұрын үйленген екен. Бірінші некеден екі баласы бар. Келіншегі күйеуінің көзінше балаларға жақсы қарайды. Сабағын оқытып, тамағын береді. Бірақ ол жұмысқа кеткен кезде көресіні көрсететін көрінеді. Аяулым 15 жаста. Арман 12 жаста. Аула сыпыру, шөп жинау, құдық қазу, сиыр сауып, кір жуу барлығы екі балақайдың мойнында. Өгей ананың күндегі соққысы өз алдына. "Ана орнына ана болдым" деп күнде қыдырады. Осылайша, отағасының бар табысын қалтаға басады. Балалар үй шаруасынан қолы босамай, сабақ үлгерімі де нашарлайды. Оны байқаған мұғалім әкесін жиналысқа шақырады. Болған жайды айтады. Бірақ әкесі күнде сабақ оқып жүргенін алға тартады. Көршісі Бауыржан балаларының қиналып жүргенін Серікке айтпақ болады. "Жұрттың есігін аңдығанша, өз бесігіңді түзе" деген жауап алады. Арада біраз уақыт өтеді. Жұмыстан ерте келген Серік келіншегінің ұл-қызын ұрып жатқан сәттің үстінен түседі. Осылайша оны үйден қуып жібереді.
Бұл мен білетін бір ғана оқиға. Ал бұндай жағдай өмірде өте көп. Ең сорақысы, өгей әкеніңөгей қызына зорлық-зомбылығы... Несін айта береміз, өкей әке мен анадан қорлық көрген тағдыр көп.
Вконтакте әлеуметтік желісінің пайдаланушыларының  көбісі жастар. Бір жазбаны көзім шалды. Жансая есімді бойжеткен көмек сұрап жазба қалдырыпты. "Әкем 3 жыл бұрын дүниеден озды. Бір жылдан кейін анам өзгемен шаңырақ көтерді. Алғашқыда қатты дауыс көтеріп ұрсатын, кейін қол көтеретін болды. Бірде басымнан ауыр жарақат алып, ауруханаға түстім. Десе де анам оған ұрма, ұрыспа деп айтпайды. Не істеуге болады, бұлай қалай өмір сүремін? Кетіп қалайын десем, анамды жақсы көремін" депті.
Отбасы шағын мемлекет. Әке президент, ана премьер. Ал сол мемлекеттің кілті сәби. Отбасын құруға шешім қабылдағаннан кейін өз болашағыңды емес, бала болашағын ойлау маңызды. Ол үшін отқа да түсуге, суға да батуға болады. Ажырасудың себептері: күйеуім ұрды, көзіме шөп салды, күнде арақ ішеді, көп қыдырады т.б. сынды сөздер. Байқасақ, бәрі уақыт өте келе өз қалпына келетін нәрсе. Бала өмірін тәуекел етуге құқымыз жоқ.   Өзектен тепкен өгей өмірдің өз үкімі барын ұмытпайық.
Мөлдір САБЫРЖАН
13 қыркүйек 2018 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031