» » 500 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚАЙДА ЖҰМСАДЫҢ?

500 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚАЙДА ЖҰМСАДЫҢ?

  Газетіміздің алдыңғы санында баяндаған "Zhas project" жобасы кәсіпкерлікке жаңа қадам басқандарға үлкен олжа іспеттес. Кәсібі мен нәсібін еңбекпен байланыстыратын грант иегерлеріне ұтымды бағдарламаның алғашқы траншы түсе салысымен күйбең тіршілікке ене бастаған. Болашағын бизнеспен байланыстыратын жастардың жұмысы да көңіл қуантарлық. Шаруаларынан шапшаңдық байқалатын болашақ бизнесмендердің тыныс тіршілігін менторлармен бірлесіп байқап қайттық.
Жаңа технологияны меңгерген жастардың бірсыпырасы 500 мың теңге қолға түскеннен интернет магазиндердің көмегіне жүгінуде. Бұл бір жағынан қаржыны үнемдесе, бір жағынан уақытты бос жұмсамаудың тиімді тәсілі. Енді бірі қаражатын қалтаға салып, Шымкент пен Алматы базарын жағалап жүр. Соның бірі – Сейфулла Сексенбай. Сейфулла өз жобасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын бермек. Істен шыққан арбасын 6 ай бойы ақысыз жөндеп, алғысын алмақ.
– ИнваСТО жобасын жазар алдында базарды бір шолып, бюджетті бекіттім. Уақыт өте келе доллар курсы шарықтап, қажетті заттар қымбаттай түсті. Амал жоқ, Алматыға сапар шектік. Көпшілікке белгілі "Барахолка" сауда орнын аралап, біздегіден әлдеқайда арзан екеніне көз жеткіздік. Таңдаған тауарға саудагерлердің жеңілдігі де қарастырылған. Керек-жарақтың барлығын алуға 500 мың теңге аздық етті. Ендігісін екінші транш түскенде түгендейтін боламыз,- дейді Сейфулла.
Келесі жобаның кейіпкерлері мал өнімін әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға тегін таратуды мақсат еткен. Бақберген мен Бауыржан бұрын соңды бұл шаруаның маңайында болған азаматтар. Байыпты бағдарламаның арқасында Сабалақ саяжайында кәсіпкерлікті нығайтуды көздейді. Топтың үшінші мүшесі – Нұрсұлтан құжаттар мен саяжай тұрғындарына өнім таратуға жауапты екен. Нар тұлғалы азаматтардың іс қимылы көптің көңілінен шығары сөзсіз. Әзірге қаражатын қолынан шығармаған оғландардың орамды айтар ойы бар. Сөзіне зер салсақ:
– Әр істің басы ащы болса соңы тәттіге ұласары анық. Ептеп істі бастауға қимылдап жатырмыз. Қораны тазартып, шөпті түсіруге ыңғайлап қойдық. Дегенмен "Zhas project"-тің бірінші аударылымы шотымызға түспестен мал базардың маңайындамыз. Аптасына бір-ақ мәрте болатыны қиынға соғып тұр. Қатарынан үш мәрте барсақ та тәуірін таппадық. Оңған малын кім сатсын? Ендігі үміт келер базарда, -дейді жобаның көшбасшысы.
Ботагөздің бастамасы бізді қызықтырды. Құрбыларымен ақылдасып аз қамтылған отбасылардың қызықшылығын бірге атқаруды жөн деп шешіпті. Мысалы, топтың мүшесі Ұлдана – тігін машинасының нағыз маманы. Ұлдананың көмегімен ұзатылған қыздың жасауын ақысыз жасап, той иелерін қуантуды көздейді. Сондай-ақ, перзентханада сәбилі болған жас отбасыларға да көмек қолын созбақшы. Төрт құрбының істеген ісі көпке үлгі.
– Әр қазақ үшін той – қуаныш, мақтаныш, жетістік, туған-туысының басын ақ дастарқанда қосу, ізгі тілектерді естіп жаны жадырау, ақсақал, игі жақсылардың батасын алу. Сондықтан той істеуге қаражаты аз-маз жандарға қол ұшын созып, тойтабақты тегін ұйымдастыруға күш салмақпыз. 6 ай бойы 75 тойды атқаруды жоспарлап отырмыз. Қазір КБИ мөлтек ауданында ғимаратты жалға алып, жұмысты бастап кеттік,- дейді Ботагөз.
Байқағанымыз, аймақтың әлеуметтік жағдайын мемлекеттік жобалар жақсарта алатынын жастар терең түсінген. Сондықтан олар мемлекет берген жеңілдіктерді тиімді пайдалану үстінде. Жарқын жобаның жаңалығы әлі де көп. Мұны басылымның келер санынан оқи аласыздар.
Ерасыл ШӘРІБЕК
13 қыркүйек 2018 ж. 324 2

Гость JeaKeenny от 18 ақпан 2019 07:44
Viagra Problemi Psicologici Buy Atarax No Rx Fast Shipping cialis Comprar Cialis A Reembolso Zithromax For Strep Throat

Гость JeaKeenny от 9 наурыз 2019 14:25
Sildenafil100mg canadian cialis Cialis Rezeptfrei Gofeminin Levitra Per Donne Vet Prescribed Cephalexin

PDF нұсқалар мұрағаты

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

22-299

30 мамыр 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930