» » Атрио дау немесе әкеңді танисың ба?

Атрио дау немесе әкеңді танисың ба?

   Өткен аптада Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына бардым. Бізге берген мәлімет бойынша былтырғымен салыстырғанда әкелігін анықтау 50%, баланың тұрғылықты жерін анықтау 37%, баламен кездесу уақытын белгілеу істері 14 пайызға көбейген екен. Көбею себебі "бүгінгі күні ерлі-зайыптылар некесінің бұзылуы және азаматтық некеге тұру қалыпты жағдайға айналып, бала тағдыры мен тәрбиесіне өз деңгейінде көңіл бөлінбеу" деп келтірілген. Сондай-ақ алимент мөлшерін өзгерту, баламен кездесу уақытын белгілеуге қатысты да арыздар саны артқан.
      Баланың биологиялық әкесін анықтауға байланысты арыздар неге көбейді. Негізі себеп – қызға сенімсіздік, қыз абыройының аяқ асты болуында. Бұрын "қызға қырық үйден тыйым" болатын. Ал қазір түнгі клубта жүрген қыз көп. Сыраны серік еткен бойжеткен жетерлік. Олар ойнақтап жүріп от басуда. Оң босағада отырып босанады, жиендер көбейді. Шетелге еліктеп азаматтық некеге әуес болдық. Бұрын қалыңдық пен күйеу жігіт бір-бірін көрмесе де үй болып еді. 10-12 баланы өмірге әкеліп, бақты қақты, ұлтжанды етіп тәрбиеледі. Азаматтық неке бозбала мен бойжеткен жақын танысып, әрі қарай отбасы бола ала ма, бола алмай ма соны анықтайды-мыс. Зардабын бала-шаға тартуда.
Қыз жүрегі нәзік, сенгіш келеді. Соны пайдаланған жігіт дегеніне көндіреді. "Аяғым ауырлады" деген сәтте "баланың әкесі мен емес" деп
басын ала қашады. Телефонға жауап бермеу, кездесуден, жауапкершіліктен қашу басталады. Мәселе шиеленісіп, сотқа барғанда ғана баланың әкесін анықтауды жөн көреді. Ол жігітке тиімді шығар, ал бойжеткенге ше? Оның тағдыры не болмақ? Абыройына кім жауапты? 
Баланың әкесін анықтау туралы генетикалық экспертиза әркезде де қымбат тұратын, азабы да көп, психологиялық соққы беретін әдіс екені белгілі. Ол үшін сотқа шағымдану керек, ол ұзақ қаралатын процесс болғандықтан соған сай ұзақ күтуге тура келеді. Сараптама қорытындысы туралы құжатқа қол жеткізу де оңай емес. Әкелікті анықтау ерікті түрде, кейде сот органдарының араласумен жүзеге асып жатады. Бұл туралы «Неке және отбасы» туралы заңында егжей-тегжейлі жазылған. ҚР «Неке және отбасы» заңының 47 бабы бойынша некеге тұрмағандардың арасында дау туындаған жағдайда анасының арызы бойынша сотта қаралады. Азаматтық процессуалдық кодекстің 91 бабының 8 тармағы бойынша екі жақтың бірі тексеруден жалтарса, тексеруге қажетті материалдарды өткізуден бас тартса, осыған байланысты қиындықтар туындатса, онда сот кімнің кінәлі екеніне қарамастан әкелікті тануға шешім шығара алады. Соттың экспертиза тағайындауын орындамағандар сотты құрметтемегені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Тексеруден өту үшін үштіктің құрамы толық болу керек. Яғни әкесі, анасы, баласы үшеуі бірдей зертханаға анализ тапсырады. Оны медициналық тілмен Атрио деп атайды екен.
Халқымызда "бір ұл тәрбиелесең – бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелесең –  бір ұрпақты тәрбиелегенің" деген дана сөз бар. "Қазір сол тәрбиенің ақсап тұрғаны айқын сезіледі.
Мөлдір САБЫРЖАН
01 қараша 2018 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 46 (271)

15 қараша 2018 ж.

№ 45 (270)

08 қараша 2018 ж.

№ 44 (269)

01 қараша 2018 ж.

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930