» » 2019 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

2019 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Белгілі нумеролог Адия Құсайынова 2019 жыл – доңыз жылына қатысты болжам жасап, келер жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын баяндап берді. Танымал нумеролог NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, доңыз жылының артықшылықтарына тоқталып өтті. Қазақстанға белгілі нумерологтың айтуынша, 2019 жыл – 3 санымен белгілі екен. Сол себепті маман бұл жыл ерекше сақтық пен табандылықты қажет етеді дейді.
"Егер былтырғы жыл 2 санымен белгілі болса, биылғы жыл нумерологияда 3 санымен пара пар келеді. Жалпы нумерологияда әр санның өз мағынасы бар. Алдағы жыл 3 санын білдіріп тұрғандықтан, доңыз жылының ұраны – "асықпай жүріп, аңдып бас" дегім келеді.
Әсіресе адамдар қаржыға қатысты мәселелерді сақтықпен шешулері керек. Десе де, бизнесмендер мен әлеуметтік жобалары бар жандар үшін бұл жыл сәтті болып тұр.
Негізі қызметтегі келеңсіздіктердің барлығын басшылық дер кезінде анықтай білсе, оның қоластындағылар түрлі қиындықтардан оңай жеңетін болады", - дейді маман.
Адия Құсайынованың айтуынша, доңыз жылы шынайы мақсаты бар адамдар мол табысқа кенеледі екен.
"Негізі келер жылы барлық адамзат үшін қолайлы болмақ, доңыз жылы әр адамға өзін түрлі қырынан ашуға, табысқа жетуге мүмкіндік беретін болады. Сондықтан көп табысқа жетемін деушілер аянбай еңбек етулері керек. Сондай-ақ, олардың мақсаты айқын болуы тиіс.
Яғни еңбекқор жандар өз мақсатына жетеді, ал керісінше, жалқау жандардан табыс теріс айналатын болады.
Мысалы келер жылы спортшылар үшін өте қолайлы жыл, алайда бұл жерде де олар асқан табандылық танытып, еңбектену керек. Сол кезде ғана биіктен көрінеді", - деді маман.
Сонымен бірге, нумеролог Құсайынова 2019 жылдың кемшін тұстарын да айтып берді.
"Келер жыл дау-жанжалдар мен алданып қалу жағынан қауіпті. Сондықтан кез келген адам шешім қабылдарда оны "жеті рет өлшеп, бір рет кесуі" қажет. Егер осы жылы қандай да бір қиындықтар орын алып жатса да, қол қусыруға болмайды.
Бастысы адамдар эмоцияға берілмеуі керек. Кез келген мәселеге суық қанды қарайтын болсақ, барлық қиындықтарды оп-оңай жеңуге болады.
Сол сияқты үлкен жобаларға ақша құюдан да сақ болу керек. Алданып қалулары әбден мүмкін", - дейді ол.
Танымал нумеролог биылғы жыл басы бос жандарға өз сыңарын тауып, отбасын құруға қолайлы жыл екенін де айтты.
"Мысалы неше жылдан бері кездесіп жүрген жұптар биыл қорықпай үйленуге бел буулары керек. Сондықтан жігіттер ұсыныс жасаудан қорықпаңыздар, биыл отбасын құруға әбден қолайлы жыл", - деді маман.
Адияның айтуынша, 2019 жылы туғандардың тотемі – марал аңы екен.
"Бұл жылы туылғандар жуас, терең сезімді бастан кешіруге қорқатын, өте сезімтал, бірақ өзге адамдармен тез тіл табысатын жандар болады. Және олар өте арманшыл келеді, кейде тіпті ой-сезімге ерік беріп, қате шешім қабылдап қалатын кездері де болады. Бұл жылы сыртқы келбеттері келісті, тартымды, өз-өзіне сенімді жандар өмірге келеді", - дейді Құсайынова.
29 қараша 2018 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31