» » ӨЗ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН МЕМЛЕКЕТ

ӨЗ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН МЕМЛЕКЕТ

   Қытайдың ұлттық сынаққа қатысты оқулығында "өз тілінде сөйлемейтін жалғыз мемлекетті белгілеңіз" деген тапсырма бар. Астында бірнеше нұсқа көрсетілген. Ал нақты жауабы – "Қазақстан".
Жақында әріптесім іссапармен Астана қаласына барған. Келген сәтте ренішін білдірді. Айтуынша, Астана қаласының тұрғындары көбінде орыс тілінде сөйлейтін көрінеді. "Отбасы мүшелері үй ішінде орыс тілінде сөйлесе, ана тілін қайдан үйренеді" деп қынжылады. Рас, сәби алғаш тілі шыққанда ата-анасы қай тілде сөйлейді, соған машықтанады. Мектепте, жұмыста, қоғамдық орында қазақ тілінде сөйлейтін адамды көрсеңіз, жүзіңіз қуаныштан бал-бұл жайнайды. Астанада әпкемнің 1 сыныпта оқитын баласы бар. Дүкенге жұмсағанда жарты сағатта келеді. Кешігу себебін сұрасаң, "үй жақтағы дүкеннің сатушысы орыс, екі көше жүріп, қазақша сөйлейтін сатушысы бар дүкенге бардым" дейді.
– Әй, өзің де әжептәуір орысша сөлейсің ғой. Ала бермейсің бе, затыңды. 
– Жоқ, мен қазақша сөйлейтін сатушының да затын алғым келеді" - дейді жиенім.
Иә, осылай қазақ сатушысын іздеп жүрген жайы бар...
Мөлдір САБЫРЖАН
27 желтоқсан 2018 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031