» » ЖЕКЕ МЕКТЕП ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ЖЕКЕ МЕКТЕП ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

  Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау аясында мектептер мен балабақшалар жекеленуде. Жеке кәсіпкердің өз бастамасымен мектеп ашып, басқаруына мемлекет тарапынан біршама жағдай жасалған. Алайда осы білім ордаларының қалай білім беретінін, артықшылығы немесе кем-кетігін бірі білсе, бірі білмейді. Жалпы, ондағы білім беру стандарты қандай? Онда оқитын оқушылар жайлы не білеміз және олар немен айналысады? Ақы төлеп оқитын мектептің қандай артықшылығы бар? Көкейдегі осы бір сауалдарға жауап іздеп, қаламыздағы бастауыш сыныпқа дейін білім беретін «Оrda sсһool» жеке мектебіне келдік.
Жұмагүл ЕРҒАЗИЕВА, «Оrda sсhool» мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі:
– «Оrda shcool» жеке бастауыш мектеп ретінде 2017-2018 оқу жылы ашылды. Құрылтайшысы – Зағипа Алпамысова. Алғашқы оқу жылы небәрі 45 оқушымен бастадық. Өйткені бастапқыда жарнама аздау болып қалды. Оның үстіне ол кезде
бар-жоғы төрт сынып еді. Жылдың соңына қарай 120 баламен оқу жылын тәмамдадық. Одан кейін мектеп жарнамасына көңіл бөлдік. Бір-бірінен естіп, ата-аналар келе бастады. Сенім білдірді. Мұнда 9 сыныпта интерактивті тақта бар. Бір бөлме компьютермен жабдықталған. Тағы бірі, әр сыныпта оқушының жеке киім ілетін шкафы бар. Биылғы оқу жылында 330 оқушы 19 сынып болды. Бұған мектеп алды даярлық сыныптары да кіреді. Олар екі орыс және екі қазақ сыныбы. Мектепте төрт бірінші, екі екінші сынып, бір үшінші орыс сыныбы бар. Қалған оны қазақ сыныбы. Барлығы 19 сынып. Жалпы, бұл ыңғайластырылған мекеме болғандықтан көп сыныпты қамтамасыз етуге қолайсыз. Әуелгіде аз оқушы мен білінбеп еді. Қазір оқушылар саны артқан сайын сыймай жатырмыз. Болашақта жетінші сыныпқа дейін жоспарлануда. Сондықтан келер жылы кең ғимаратқа көшіп қалармыз деген ой бар. Биыл сол жағалаудан жер алынды. Басшылық алдағы тамыз айына дейін құрылысын бітіріп, қолдануға беруді жоспарлап отыр. Барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заманауи мектеп ашылады. Онда 500 орындық мектеп болады деп күтілуде. Сонда 5-7 сыныптар қамтылуы бек мүмкін. Жалпы, біз мемлекеттік бағдарламамен жүреміз. Сабақ кестесі – 5 күн. Мемлекеттік мектептердегідей түске дейін жаңартылған бағдарламамен және стандартпен оқытамыз, түстен кейін қосымша жетілдіру үшін ағылшын, математика, орыс сыныптарына қазақ, қазақ сыныптарына орыс тілі пәндерін тереңдетіп оқытамыз. Күн сайын үй тапсырмасын оқушы мектепте орындайды. Оған 45 минут уақыт беріледі. Аптасына екі рет хореография, дзюдо, бір рет домбыра, шахмат және бейнелеу өнері жүргізіледі. Оқушы осы бес үйірменің үшеуіне толық қатыса алады. Оған уақытты қолайлы етіп график жасап қойғанбыз. Бұл баланың өзін-өзі дамытуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Әр сабақ қырық минуттан. Әр сыныпта оқушы саны – он сегіз. Қалалық жерде бала 20-ға толмаса, сыныпты бөліп оқытуға болмайды. Көп бала болған жерде оқытушының айтқанын бірі түсініп, бірі түсінбеуі мүмкін. Мұғалім де сабақ сұрап үлгермейді. Сондықтан осылай істеуге мәжбүр болдық. Бұл да бала игілігі үшін. Бізде мемлекеттік мектептен айырмашылығы, таңертең 08-09 арасында таңғы ас беріледі. Түске дейін мектеп формасымен жүрсе, түскі үзілістен кейін еркін формаға көшеді. Түсте бірінші және екінші ас қатар дайындалады 12.30 бен 14:00 арасы түскі ас уақыты. Одан кейін спорт залда, би залында немесе далада бой жазады, демалады. 2 сабақтан соң бесін ішеді. Кешке таяу яғни 17:00-18:00 кезінде ата-аналар балаларын алып кезекшілік қойылған. Балаларға жауап береді. Ыңғайлы тұсы осы. Айына бір оқушыға 40 мың теңге төлейді. Сынып аралық өзгеріс жоқ. Бізде буфет жоқ. Барлығы іштен қамтылады. Бұл мекеменің тағы бір ерекшелігі жеке жылу базасы бар. Ғимарат жылы. Кадр мәселесіне келетін болсақ, 37 мұғалім бар. Олардың айлығы оқушы төлемінен алынады.
  Тоғжан ӘБДІРАХМАНОВА, оқушы:
– Мен – екінші «ә» сыныбының оқушысымын. Біздің «Оrda shcool»-да жақсы білім алуға жағдай жасалған. Азанда мектепке келгеннен қайтар уақытқа дейін үш мезгіл тамақтанамыз. Түске дейін арнайы пәндерді оқысақ, түс ауа үй тапсырмаларын  орындап, шығармашылықпен айналысамыз. Одан бөлек,  қосымша домбыра және шахмат үйірмесіне қатысамын. Сабақтың бәрін бітірген соң бес жарымда үйімізге қатамыз. Кітапхнаға барамыз. Бұл бізді жаңаша ойлап, зейінімізді ашуға көмектеседі.
Жансая БОЛАТҚЫЗЫ, мұғалім:
– Мен «Оrda sсһool» мектебінің 3 «ә» сыныбының сынып жетекшсімін. Бұл – ақылы негізде бастауыш сыныптары даярланатын жеке мектеп. Ата-ана үй тапсырмасы үшін бас ауыртпайды. Ата-аналарға сол ұнайды. Оның үстіне біз баланың білмеген жеріне бағыт-бағдар береміз. Алғыр оқушылар тапсырманы өздері орындаса, ал  түсінбейтіндерге жәрдемдесеміз. Ерте бастан жарыстарға дайындаймыз. Алматы, Астана сияқты қалаларға жиі апарамыз. Сыртпен байланыс жеткілікті. Артықшылығы осында. Қазір қарбалас тіршіліктің арасында жүріп, балаға көңіл бөле алмайтын, жаңа бағдарламаны түсінбейтін ата-анаға бұл өте қолайлы.

Мектептегі «ә» орыс сыныбының сабағына қатысып көрдім. Кіргеннен балалар орнынан тұрып, бірдей сәлем беріп, ілтипат көрсетті. Одан
соң апайы үй тапсырмасын сұрады. Барлығы бірдей орындаған. Бір байқағаным, бәрі ойын емін-еркін, аспай-саспай жеткізеді екен. Күмілжіп немесе сұраққа тосылып қалған бала көрмедім. Апайларымен жарысып, шетінен сайрап тұр. Мына көрініске қарап, оқытушының да, оқушының да білімділігін бірден аңғаруға болады. Жарты сағаттың өзінде көп нәрсені байқап, таңданысымды жасыра алмадым.
Жанна СҚАҚОВА, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы:
– Кәсіпкерлікті қолдау аясында мектептер мен балабақшалар жекеленіп жатыр ғой. Әсері қандай болмақ?
– Бүгінгі таңда кәсіпкерлердің өз бастамасымен жеке мектептер мен балабақшалар ашуға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кетерлік жайт, әлемде «ақша оқушының артынан жүреді» деген қағида ұстанады. Ал біздің елде осы жылға дейін қаржы жалпы мектепке бөлінетін. Ал енді 5 жылдан бері жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі жасалып, Қазақстанның әр өңірінде пилоттық жоба ретінде енгізілуде. Осы жүйе бойынша және 2017 жылы «Білім туралы» заңына енген өзгертулерге байланысты (мемлекеттік тапсырысты енді жеке мектептерде орналастыруға болады) кәсіпкерлердің жеке мектептер ашуына мүмкіндігі бар.
– Нақты мысалдар айта аласыз ба?
– Бүгінде елімізде 122 жеке мектеп, оның ішінде Қызылорда облысында 3 жеке мектеп жұмыс жасап жатыр. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы тарапынан жеке мектеп ашамын немесе саламын деген кәсіпкерлерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
– Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?
– 2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап ҚР барлық жекеменшік мектептерінде жан басына шаққанда қаржыландыру енгізіледі. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен елімізде енгізілуде. Бүгінде 38 мектеп (оның ішінде 5 мемлекеттік мектеп Алматы, Астана) осы жүйе бойынша пилоттық режимде жұмыс жасап жатыр. 2020 жылдан бастап қалаларда орналасқан  барлық мемлекеттік мектептер осылай қаржыландырылатын болады. Келесі оқу жылында әр оқушыға 235 527 тенгеден қарастырылған. Білім және ғылым министрлігі жеке мектептердің салынуына да кәсіпкерлердің қызығушылықтарын нығайту үшін осы жүйе негізінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін 478 098 теңге көлемінде қарастырып отыр және 8 жылдан кейін кәсіпкердің қаражатына салынған мектеп, оның жеке меншігіне өтеді.
– Бұл қаншалықты тиімді?
– Менің ойымша, жеке мектептердің көбеюі тиімді. Себебі, осы оқу жылының басында Қазақстанда 198 237 оқушы орны дефицит болып, 128 мектеп 3 кезекте (сменада) оқу үдерісін жүргізуде. Қызылорда облысы бойынша да 10000 оқушы орын жеткіліксіз болып тұр. Бұл мәселе мектептердегі білім сапасына әсеретеді. Бір сыныпта 30-40 оқушы сабақта отырғанда, мұғалім әрқайсысын сұрап үлгермейді де, оқушылардың қаншалықты оқу материалды меңгергеніне бақылау жасай алмайды және айта кету керек, мемлекеттік мектептерде оқып жатқан оқушылар сабақтан кейін әртүрлі жеке курстарға, тіл үйрететін, басқа да қажетті қосымша білім беретін орталықтарға баруға мәжбүр. Жеке мектептерде ондай проблема жоқ: сыныптары 20-25 баладан, мұғалімдері әр баланы қадағалау мүмкіндігі бар және уақыт талабына сай мектептерде әртүрлі факультатив пәндері мен қосымша сабақтары ұйымдастырылады, мектептегі балалардың ыстық тамақ мәселесі де шешілген. Бұл ата-ана мен бала үшін өте тиімді дер едім.
Түйін: Мектеп баланың болашағына іргетас болатын бірден-бір қажеттілік. Мәселен, ғылыми мағлұмат беріп, оның танымын, білімін және дағдысын, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыратын осы білім ошағы. Дегенмен, мемлекеттік мектеп пен жеке мектепте едәуір айырмашылықтың бар екені тайға таңба басқандай байқалып тұр. Баласын кім қайда берем десе де, жан қалауына жағдай жасалған. Бастысы, бұның барлығы ел игілігіне жұмыс істейтіні сөзсіз.
Ақтілек БІТІМБАЙ
04 ақпан 2019 ж. 948 2

Гость JeaKeenny от 26 ақпан 2019 02:11
For Sale Free Shipping Macrobid Cheap Overseas Propecia While On Nodular Acne Authentic Viagra Pfizer Brand cialis generic Comprar Viagra Farmacia Duroval Kamagra

Гость JeaKeenny от 15 наурыз 2019 00:23
Buy Viagra Super Active Plus Uk Keflex And Conjunctivits generic cialis from india Cos'E Levitra

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30