» » ДЕПАРТАМЕНТТЕ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДЕПАРТАМЕНТТЕ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Ізмұхамбетов А.Тасболатов, М.Ерман, А.Ералиев Г.Шиповскихтермен кездесу өткізілді.
    Кездесуде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов депарматент бөлімшелерінің қызметі туралы қысқаша баяндады. Өз сөзінде ол облыс аумағында техногендік төтенше жағдайлардың санын қысқарту бағытындағы шараларды атап өтті.
    Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов өз сөзінде ең бірінші кезекте Президенттің халыққа Жолдауының жетінші тапсырмасы – сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтты. Сондай-ақ депутат елде болып жатқан оң өзгерістерге тоқталды. Әңгіме барысында депутаттар білікті кадрларды жинақтау барысына ерекше назар аудару жөнінде айтты.  Шалғай елді мекендерді өрттен қорғау және өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
    Қызылорда облысы ТЖД
12 қаңтар 2018 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

31-308

01 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031