» » Мониторинг жүргізілді

Мониторинг жүргізілді

  Сырбойылық нұротандықтар мүгедектігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, өңірдегі инклюзивті білім беруге бейімделген ұйымдардың жұмысына мониторинг жүргізді. Бұл жолы сараптамалық топ, қаладағы №5 «Шаттық» балабақшасы, М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп пен «Болашақ» медицина колледжіндегі жұмыстармен танысты. Мемлекеттік органдар, облыстық мүгедектер қоғамы және салалық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін қамтыған сараптамалық топ жұмысының мақсат-міндетін облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес атап өтті.
«Жалпы өңірде инклюзивті білім беруге бейімделген 112 балабақша, 148 мектеп, 18 кәсіптік техникалық колледж бар. Онда 80-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жас білім алуда. Алайда, ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың арнайы маманы жоқ орындарда білім алып, бағдарламаны игеру сапасы төмен болатыны анық. Яғни, бағдараламаны игере алмау салдарынан соңғы кездері үйден білім алатын оқушылар саны көбейіп отыр. Сараптамалық топ жұмысының негізгі мақсаты аталмыш орындарындағы кемшіліктерді анықтап, мүмкіндігі шектелуі балғындарға кедергісіз орта қалыптастыру, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау, қоғам назарын аударту», – деді Ержан Байтілес.
Аталмыш топ рейд барысында инклюзивті білім беру мекемелерінің материалдық базасы, білім беру сапасы, кадрлармен қамтамасыз етілуі секілді талаптардың сақталуын қадағалап, тиісті ұсыныстар мен ескертулер жасады. Бұл жұмыстар 30 сәуірге дейін жалғасады.
Мөлдір САБЫРЖАН
23 сәуір 2019 ж. 1 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930