» » 1 шілдеден бастап енгізілген өзгеріс: жүргізуші куәлігі неге берілмей жатыр

1 шілдеден бастап енгізілген өзгеріс: жүргізуші куәлігі неге берілмей жатыр

  Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезектің себебі белгілі болды
 Ішкі істер министрлігі көліктерді рәсімдеу мен жүргізуші куәлігін беруді орталықтан бақылау үшін 1 шілдеден бастап веб-модуль енгізген болатын. Алайда отандық компания өндірген компьютерлік бағдарламада ақау кетіп, аптап ыстықта жұрт мамандандырылған қызмет көрсету орталығында сеңдей соғылысып жүр.
1 шілдеден бастап кезекті реформаны қолға алған Ішкі істер министрлігі жаңашылдыққа дайын болмай шықты. Соңғы екі тәулікте еліміздің түпкір-түпкіріндегі көлік жүргізушілері халыққа қызмет көрсету орталықтарында сабылып жүр. Мамандар тиісті құжатты қабылдағанымен жауапты ведомостваның ақпараттық базасы баяу жұмыс істеуде. Көлігін тіркетіп немесе жүргізуші куәлігін ауыстыруға келген жұрт сағаттап кезекте тұруға мәжбүр, деп хабарлады КТК.
Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында адам нөпірі көп. Залда да, сыртта да отыратын жоқ. Бар шаруасын кейінге ысырып, орталықты торауылдап жүргендердің барлығы – көлік жүргізушілері. Бәрінің тағаты таусылса да қас-қарайғанша жүруге дайын.
"Көлігімді сатып едім. Құжаттарын рәсімдей алмай жатырмын. Не айтпайды, не бермейді. Елді жинап қойып отыр", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Асқар Өскенбаев.
Ал тағы бір қала тұрғыны Ермек Әлдеков жүргізуші куәлігін ауыстыруға келген.
"Таңғы сағат 7-ден бері тұрмыз", - деп шағымданды ол.
Кешеден бастап Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін беретін тіркеу-емтихан бөліміндегі қызметін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мамандарға өткізді. Яғни алдағы уақытта "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мамандары жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және тәжірибелік емтихандарды қабылдайды деген сөз. Алайда, көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру ісі Ішкі істер министрлігінің құзырында қалады.
"Емтихан, тіркеу бөлімдері бөлек жұмыс істейді. Яғни электронды түрде. Бег офис пен фронт-офис арасында алшақ қызмет көрсетеміз. Осыған орай ақпараттық қызмет көрсету жүйесі баяу істеп жатыр. Бірақ бірте-бірте қалпына келіп жатыр, - деп түсіндірді Алматы қаласы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Сәкен Байғалиев.
Осылайша қашықтықтан басқарылатын шаруа Алматыны ғана емес, еліміздің әр түкпіріндегі жүргізушілерді әбіргерге салуда. Деректер базасындағы ақау өскемендіктердің де төзімін тауысты. Талон берілмегендіктен тұрғындар параққа аты-жөндерін жазып тізім құрған. Алайда оның жылжитын түрі жоқ.
"Кешеден бері осындамыз. 200 адам жазылды. Қолымдағы тізімге қараңыз. Жауаптылар болса қажетті бағдарламаны бүгін орнатып жүр. Неге алдын-ала дайындалмайды? Күн ыстықта әбігерге түстік", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Сәуле Шәріпова.
Жүргізуші куәлігін беру мен көлік құралдарын тіркеуге полицияны мүлдем араластырмай, жемқорлықты жоюға кіріскен министрлік болған келеңсіздікті жақын арада жоямыз деп сендіріп отыр.
03 шілде 2019 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031