» » Медициналық құпия мәліметтер әлеуметтік желіге тарап кетті

Медициналық құпия мәліметтер әлеуметтік желіге тарап кетті

  «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінің құпия мәліметтері тағы да әлеуметтік желіге тарады. Осыған орай «Даму» ақпараттық технологиялар компаниясы Facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеме жасады.
«Даму» ақпараттық технологиялар компаниясы атынан заңды авторизацияланған пайдаланушылар ғана кіре алатын "Damumed" медициналық ақпараттық жүйесінен тұлғалардың құпия мәліметтерін қамтитын ақпараттардың тарағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта біз   қолданыстағы заңнамаларға, атап айтқанда ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі  «Құпия мәліметтер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу»  79-бабына және  ҚР Қылмыстық кодексінің  «Ақпараттарға, ақпараттық жүйелерге немесе телекоммуникациялар желісіне заңсыз ену» 205-бабы  мен «Ақпаратқа заңсыз иелік ету» 208-бабына сәйкес тыңғылықты тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына беруге материал дайындап жатырмыз», - деп атап өтеді компания Facebook-тегі ресми парақшасында. Компанияның мәліметінше, Facebook-те скриншоттардың жариялануына еш алаңдаудың қажеті жоқ. Медициналық мәліметтер тек авторизацияланған тұлғаларға ғана қолжетімді. Ал әлеуметтік желіге таралған мәліметтер заңсыз жолмен алынған және олардың әрекеттеріне жоғарыда аталған қылмыстық заңнама нормаларына сай баға беріледі.  
09 шілде 2019 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031