» » "Мен халықты әрдайым әйелмен салыстырамын": Ғабидолла Әбдірахымовтың жұртты шулатқан 10 мәлімдемесі

"Мен халықты әрдайым әйелмен салыстырамын": Ғабидолла Әбдірахымовтың жұртты шулатқан 10 мәлімдемесі

  Қазақстандық шенеуніктердің ішінде көзге ең көп түсетіні Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов еді. Оның айтқан сөздері мемлекеттік БАҚ-та жарыса жарияланған болатын. Олардың ішіндегі ең танымалдарын еске алайық. 

  • Ғабидолла Әбдірахымов әкім болып тағайындалған күні Шымкентті туризм үшін ең танымал әрі тартымды қала етуге уәде берді: «Тек Қазақстанда емес, әлемдегі ең сұлу қала болады. Келген адамның бұл қаладан кеткісі келмейтіндей жасаймыз. Ал егер кетуі керек болса, кетіп бара жатып жылайтындай жасаймыз». 
  • Проблемалы қалашық Қайнарбұлақта өткен тұрғындармен кездесу кезінде Шымкенттің экс-басшысы бюджетті жұмсауға қатысты мастер-класс өткізді. «Қала бюджеті отбасындағыдай жұмсалады. Бір бала велосипед қалаймын десе, екіншісі спорт мектеп немесе гитара сұрайды. Сіздер осыны бәріне бергілеріңіз келеді. Алайда бюджет аз. Мұндайда сіздер балалармен келісімге келе бастайсыз. Осы айда саған джинсы сатып аламыз, ал келесі айда басқа нәрсе. Сол секілді мен де сіздерден маған түсіністік танытуды сұрап тұрмын. Қазір мұнда асфальт жүргіземіз, мында су өткіземіз, мында ұсақталған тас саламыз, ал асфальтті келесі жылы жүргіземіз», - деді Шымкенттің экс-әкімі Қайнарбұлақта тұрғындармен кездесу кезінде. 
  • 2017 жылдың қазан айында Ғабидолла Әбдірахымов өзіне де, қызметкерлеріне де бір ай бойы қызметтік көлікті қолдануға тыйым салды. Мұның орнына ол қоғамдық көлікпен қатынауды тапсырды. Ал үнемделген қаражатты орта және қатардағы буындағы қызметкерлерді теңестіру үшін жұмсайтынын айтты. Осы өзгеріс енгізілгеннен кейін қала басшысы БАҚ-қа берген сұхбатында жұмысқа кешігіп қалмас үшін автобустың соңынан жүгіргенін айтты. «Қолыма бақыт билеті түскен екен. Өзімнің автобусыма кешігіп қала жаздадым. Айтпақшы, мен жүгіріп келгенше автобус күтіп тұрды. Тұрып тұрсам да, автобус маған ыңғайлы болып көрінді. Жастар көп екен, жастық шағымды романтиканы еске алдым, эх!» - деді Ғабидолла Әбдірахымов. 
  • Әбдірахымов орталық көшелердің бірінде ағашты кесуге тыйым салған болатын. «Барлық мегаполисте бәрі де жолда кептеліс болуы үшін жасалады. Мақсат біреу – орталық көшелерде көліктерді азайту. Қала басшысы тұрғындар үйден жарты сағатқа ерте шықса, ешнәрсе болмайтынына сенімді: «Кептеліске бола көңілдері түспейді, таза ауамен демалады, көлік қоятын жер іздемейді, бензин кетпейді!». 
  • «Кешкі жетіде – үйге»! Әбдірахымовтың шенеуніктерді қызметкерлерін кешкі жетіден артық ұстамауға шақырған видеосы Қазнетте таралған болатын. Ол қызметкерлердің де кездесуге барып, отбасын құратын уақыты болуы керектігін айтты.  «Егер мүмкіндік болса, ешкімді жетіден кейін ұстамаңыздар. Әрбір адамның отбасы бар. Егер жоқ болса, болуы керек. Егер олар жұмыста 12 сағат отыра беретін болса, олар ешкіммен кездесе де алмайды, киноға да бара алмайды. Мұндай жұмыс кестесімен олар бір-бірімен қалай кездеседі? Сол себепті бізге таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін жақсылап жұмыс істеу керек», - деді Әбдірахимов мырза. 
  • Қала күнін атап өтіп жатқан гала-концерт кезінде Шымкенттің экс-әкіміне қалаға қысқаша сипаттама беруді өтінді. «Шымкент… Шымкент қаласы – зың!» - деп әзілдеп жұртты күлкіге қарық қылған болатын. 
  • Өткен жылдың қараша айында ОКҚ-да өткен брифинг барысында тұрғындарға қамқорлық пен көңіл бөлу туралы айтты. «Мен халықты әрдайым әйелмен салыстырамын. Әйел қамқорлықты сүйеді, махаббатты, жылу мен көңіл бөлгенді қалайды. Егер оған осыларды уақытылы бермейтін болсаңыз, ол өре түрегеледі деп ойлаймын. Сол себепті халықпен де осындай қарым-қатынаста болуы керек», - деді ол ОКҚ-да өткен брифинг барысында Әбдірахымов. 
  • Осы кезде Әбдірахымов қазақстандықтардан басқа мемлекеттерді отанымен салыстырмауды сұраған болатын. «Қазір мен басылымдарды оқимын – Америкада осылай, Еуропада осылай, неге бізде олай емес деп жазады. Шынымды айтайын, бізде басқаларға қарағанда әлдеқайда жақсы, бізде еркіндік пен жан бар. Осыны сақтауымыз керек. Отанды да ана секілді таңдамайды. Сіздер көшеде кетіп бара жатып: «Мына әйел әдемірек екен, осы менің анам болады» деп таңдамайсыздар ғой», - деді әкім. 
  • 27 маусым күні Арыс қаласының тұрғындары Шымкенттегі «Бекжан» базары мен «Ақмешіт» мешіті алдындағы көшені жапты. Олар Арыс қаласындағы жарылыстан кейін осы мешітті паналап жатқан болатын. Тұрғындар осы кезде Ғабидолла Әбдірахымовтан үй мен жер талап етті. Ашуға булыққан әкім осы кезде оларға ұрысып тастаған болатын. «Әйелдер болса жарайды, еркектерге не жоқ?! Алдымен, әйелдеріңе ие болыңдар, ел туралы сосын айтасыңдар. Әйелдеріңе ие бола алмай тұрып, маған ақыл айтасыңдар», - деді ашуланған әкім. 
  • Шілде айында әкім үкіметтің кулуарында тұрып Шымкенттегі қыз алып қашуға қатысты пікір білдірді. Ол кейбір қыздарға мұны ұнататынын айтып қалды. «Шымкентте қыздарды алып қашпайды. Қазір осы тақырыпқа қатысты болып жатқан жайттарға қарап, мұның бәрі Шымкент туралы ертегі деп ойлаймын. Алайда кейде маған қыздардың өзі өзін алып қашқанын қалайтындай болып көрінеді», - деді экс-әкім. 

05 тамыз 2019 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031