» » Енді мұғалімдердің жалақысы екі есеге көбейетін болды

Енді мұғалімдердің жалақысы екі есеге көбейетін болды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Тамыз конференциясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды.
Жиын барысында Мемлекет басшысы мұғалімдердің айлығы төмен екенін тілге тиек еткен.
"Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент үкіметке ұстаздардың айлығын көтеруге тапсырма берді.
"Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан Үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын", - деді президент.
16 тамыз 2019 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031