» » БӘЙГЕҚҰМ ТУРИЗМГЕ СҰРАНЫП ТҰР

БӘЙГЕҚҰМ ТУРИЗМГЕ СҰРАНЫП ТҰР

   Шиелінің шырайы кіріп келеді. Ел экономикасының дамығанын, әлеуетінің артқанын, ауданда жасалып жатқан жұмыстарға қарап-ақ бағалауға болады.
Мәселен, Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылында Ханқожа көлі бар. Көл жағалауын тұрғындар демалыс орнына айналдырған. Ауыл тұрғындарының дені осы жерден табыс табады. Демалушылардың саны жыл сайын артып, салық түсуімі де көбеюде.
Көл жағасына 58 демалыс орны салынған. Тұрғындар өз қаражатына жасаған соң, қайықтардың да тозығы жеткен, қызмет көрсету сапасы төмен. Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, төмен пайызбен несие алып, туризімді дамытуға бел буып отыр. Алғашқылардың бірі болып айқын мақсатқа бел буған кәсіпкер – Ералы Каренеев. Ералының демалыс орнына күніне қырыққа жуық адам келіп демалады екен.
– Өз күшімізбен, отбасы болып, халыққа арнап «жағажайда демалу» қызметін бастағанбыз. «Өңірлік инвестиция орталығының» «Еңбек» бағдарламасы арқылы алған шағын несиеге көлде серуендеуге арналған моторлы қайық пен құрылыс материалдарын түгендедім. Шаруа осылай басталды. Кешегі ыстықта келушілер көп болып, маусымдық демалысты жақсы ұйымдастырдық, – дейді «Диас» ЖК төрағасы Ералы Каренеев.
        Бәйгеқұм ауылындағы Ханқожа көлі – туристік аймаққа сұранып тұрған демалыс орны. Ұзындығы 35 шақырым, ені 1,5 шақырымды құрайды. Демалыс аймағында бір маусымда 30 мың адамға дейін жиналады. Алайда шешілмеген мәселелер туралы: «Әрбір жеке кәсіпкер өз қаржысымен демалыс орнын дамыта алмайды. Мемлекеттен үлкен қаржы құйылса, нұр үстіне нұр болар еді. Жаз сайын демалушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келеді. Тіпті шетелдіктер де келе бастады. Көрсетілетін қызметті арттырсақ, аулдағы жұмыссыздық та азайып, салық түсімі де артар еді», − деді ауыл әкімі Мұхамедәлі Жүсіп. 
Расында да, аймағымызда Қамбаш көлінен кейін үлкен аумаққа ие Ханқожа көлі болашақта аймақ туризміне жаңаша серпін беретін жоба. Тек қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
Гүлбану МАҚАЖАН
30 тамыз 2019 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930