» » Биыл баспана кезегіндегі адамдардың бірыңғай республикалық базасы қосылады

Биыл баспана кезегіндегі адамдардың бірыңғай республикалық базасы қосылады

  2019 жылдың соңына дейін баспана кезегінде тұрған адамдардың бірыңғай республикалық базасы қосылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі таңда баспана алу үшін әкімдіктерде 512 мыңға жуық адам кезекте тұр. Кезекті бірыңғай есепке алу тапсырмасы аясында жылдың соңына дейін кезекте тұрған адамдардың бірыңғай республикалық базасын қосамыз», - деді ол бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Үкімет отырысында.
Осы орайда вице-премьер «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй қандай тәртіппен берілетіндігін айтты.
«Біріншіден көпбалалы отбасыларға ақысыз негізде жалдамалы тұрғын үй берілетін болады. бұл үшін 2025 жылға дейін 350 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет үш жылдың ішінде 30 мың пәтер бөлу бойынша шаралар қабылдайтын болады. Екіншіден, жыл сайын 3 700 кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал азаматтарға сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге 32,8 млрд теңге бөлінеді. Үшіншіден, »Бақытты отбасы« бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасыларға, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға несие беруге 3 жыл ішінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы 50 млрд теңгеден бөлінетін болады«, - деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет  жыл сайын 10 мың пәтер бөлу бойынша шаралар қабылдайтындығын атап өтті.
03 қыркүйек 2019 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30