» » Күйеуіңіз жұмыссыз қалса...

Күйеуіңіз жұмыссыз қалса...

    Жолдасыңыздың жолы болмай жүрсе, оның өміріне, көңіл күйіне, сәттілігіне, мансабына деген жауапкершілікті өз мойныңызға алуды қойыңыз. Бұл сізге оған деген қамқорлық, махаббатыңызды білдіру секілді көрінуі мүмкін, алайда ол барлығын өз бақылауында ұстағысы келетін әйелдің әрекетіне көбірек ұқсайды. Оның түбі жақсылыққа апармайды. Әдетте барлығын бақылап отыруды қалау ішкі қорқыныштарыңыз бен балалық шақтағы ойларыңызды жемісі. Ал еріңіздің мансабын өз мойныңызға алуды, басқалардан оны жұмысқа тұрғызып беруін өтінуді тоқтатқан кезден бастап ол өзі-ақ бұл жауапкершілікті мойнына алады. Бірақ еркінсуге асықпаңыз. Өз өміріңізді өз жауапкершілігіңізге алу керек. Ақша аздық ете ме? Не істеуге болатынын ойланыңыз. Жеткілікті деңгейде өмір сүру үшін ақшаны қайдан табасыз? Күйеуіңіз қанша тапқаны маңызды болмайтындай, өз тапқаныңыз өзіңізге жететіндей жағдай қалыптастырыңыз. Күйеуіңізге жұмыс іздеуден бұрын өз мансабыңызды ойласаңыз, барлығы айтар ауызға ғана жеңіл екенін түсінесіз. Мүмкін сонда еріңіздің де жағдайын түсініп, оның ісіне араласуды азайтарсыз.
Күйеуіңізге жұмыс іздеп, таныстардан бос жұмыс орнын сұрап, оған үнемі мотивациялық мақалалардың сілтемесін жіберіп, құрбыларыңыздың күйеуі туралы айта беруді тоқтатыңыз. Ол өзін бақылау астында жүргендей сезінуімен қатар, «Мен болмасам қолыңнан түк келмейді» деп жатқандай қабылдайды. Бұл оның намысын аяққа таптаумен тең. Елестетіп көріңізші, жарыңыз үнемі сізге арықтау туралы марафонның сілтемесін жіберіп, көршінің әйелдері қандай сымбатты екенін айтып, достарынан әйеліме жақсы пластикалық ота жасайтын таныстарың бар ма деп сұрап жүрсе... Сіз қалай қабылдар едіңіз? Намысыңызға тимей ме? Ал намысы тапталған адам қалай алға қарай қадам басады? Не істеу керек? Өз ісіңізбен айналысыңыз. Тек жұмысыңыз, сыртқы келбетіңіз емес, барлық жағынан дамуға кірісіңіз. Интеллектіңізді, жан дүниеңізді, мансабыңызды, бетіңізді, теріңізді – түгелдей жандандырыңыз. Оның емес, өзіңіздің! Қаһарманыңызға сенім білдіріңіз. Шынайы түрде. «Ол ақылды, оны жұмысқа аласыз ба?» деп емес, егер шынымен ақылды екеніне сенім білдірсеңіз, жұмыссыз қалды деп несіне уайымдайсыз, ол онсызда өзі тауып алады. Оның орнына жаны қалайтын нәрселерін жасап, тәтті тамағын пісіріп, киімін тазалап, мейірімге бөлеп, ашуланған сәтте сабырға шақырыңыз. Сонда ол өз мәселесін өзі шешуге қолайлы жағдай туады. Оған сенім білдіріп қана қоймай, аяққа тұрып кететініне өзіңіз де іштей нық сенімді болсаңыз, міне, осыдан асқан көмек жоқ.
23 қыркүйек 2019 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031