» » Енді кімге сенеміз?

Енді кімге сенеміз?

  Атырауда орын алған жағдай бәрін алаңдатты. Халық тірі баланы тоңазтқышқа салып өлтірген  ақ халатты жандардың тірлігін түсінбей аң-таң. Расында дәрігерлердің бұлай жасауына не түрткі? Әлде бұл да қағазбастылықтың кесірі ме? Ата-аналар дәрігер біліктілігіне күмәнмен қарай бастады. Ғаламтордан "балам дәрігердің біліксіздігінен көз жұмды" деп шағым айтушылар көбейді.
      Атырау облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев: «Жаңа туған сәбилер арасындағы өлімнің басты себебі – ата-анасының денсаулығына байланысты. Бала өлімінің басым бөлігі уақытынан бұрын босанғандарға тиесілі. Жоспарланбаған жүктілік деп те айтуға болады. Жүктілікті жоспарлап, кем дегенде 1,5 жыл аралықты сақтау керек. Бұл жерде алдын алу шараларының маңыздылығын да айта кету керек. Біздің орталықта медициналық қызметтің сапасы бақылауда. Босанған әйелдермен тығыз жұмыс жүргізіледі. Уақытынан бұрын босану және бала салмағының аз болуы өлімге әкеледі. 2018 жылы облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған сәбилер арасында 108 өлім тіркелді», – дейді БАҚ өкілдеріне берген мәліметінде.
     Ана мен бала денсаулығы басты назарда болу керек. Ал жақында орын алған мына жағдай аяғы ауыр келіншектерді әбігерге түсірді. Әлеуметтік желіде "бұдан кейін дәрігерлерге қалай сенуге болады?", "мен сәбиімді дәрігерге сеніп тапсыра алмаймын" деген сынды пікірлер көбейді. Бүгінде медицина дамыды деп жатамыз. Егер сәби өлімі көбейіп тұрса, қалай медицинаны қарыштап дамыды деп айтуға болады? Дәрігерлер арасында орын алған салғырттық тек Атырау облысының тұрғындарын ғана емес, жалпы елімізді дүр сілкіндірді. Тоғыз ай күткен перзентінен қапелімде айырылу ешкімге де оңай түспесі белгілі. Ал қасақана істелген қылмысты кешіру кімге болса да оңай емес. Өлімнен арашалап қалады деп сенім артқан дәрігер, адам өліміне себепкер болса бұдан асқан сорақылық бар ма?
Дәрігерден қағазбастылық жұмыстың бәрін алып тастаса, науқасты толық қарап, емдеп шығатын уақыты жеткілікті болады ма деп ойлайсың. Әйтпесе қай кезде көрсең де үтір нүктесіне дейін анықтамаға енгізіп жатқанын байқайсыз. Оның үстіне бәрі қазір электронды нұсқаға ауысты. Мәселен дәрігерге барып, ауырған жеріңізді айтып отырсаңыз, соның бәрін компьютеріне жүктеп отырғаны. Одан қалды "анау кабинетке барып келіңізші" деп басқа есікке сілтеп жібереді. Ол кабинетте де орын алатын жағдай осы. Мұның барлығы есеп үшін керекті дүниелер. Адам денсаулығынан есеп беру маңызды болған сәтте кімге шағымданарыңды білмейсің...
Айта кетейік, жаңа туған нәрестені тоңазтқышқа салып өлтірген Атырау облысындағы перзентхана дәрігері айыпталған оқиғадан кейін перзентхананың 200-ге жуық дәрігері жұмыстан кетеміз деп мәлімдеме жасаған. Бұл да жағымды жаңалық емес...
18 қазан 2019 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930