» » Психолог өзі туралы неге айтпайды?

Психолог өзі туралы неге айтпайды?

   Психологтар да халықпен жұмыс істейтін, жеткілікті түрде атақ-дәрежесі бар тұлға. Алайда олардың әлеуметтік желісі болсын, басқа жерде болсын өзі туралы ақпараттар жасырын сақталады. Тіпті қай жылы туған, тұрмыс құрған ба, неше баласы бар – мұндай сұрақтарға жауап ала алмайсыз. Себебі неде? Психологтан кеңес алу – құрбыңмен отырып жан дүниеңді ақтарып әңгімелесу секілді емес. Сізге үйреншікті қарым-қатынастан сессияның айырмашылығы осында. Мұнда психолог сізге емес, сіз психологтың көмегіне зәру болып отырғандықтан оның өмірінің, бастан кешкен жағдайларының ешқандай қатысы жоқ, қозғалмауы тиіс тақырып. Психолог пен клиент қарым-қатынасының өзіндік ережелері болады. Осындай қағидалардың арқасында сіздің мәселеңізді шешу жеңілдей түседі. Әр психологтың өзі бекіткен ережелері болуы да мүмкін, мұны сізге сеанс басталмай тұрып айтып таныстырады. Сіз психолог қабылдауына санаулы сағатқа ғана кіресіз. Ол үшін ақша төлейсіз. Сондықтан сіздің алтыннан қымбат уақытыңызды өз өмірін айтуға жұмсағанша, сіздің ғана мәселеңіз туралы сөйлеседі. Өзінде менікі секілді жағдай болмаған соң айту оңай ғой деген секілді ой қалыптаспауы үшін. Мысалы бір клиенті «Өз балаңыз болмаған соң мені дұрыс түсіне алмайсыз» десе, енді бір клиенті «Күйеуіңіз менің күйеуім сияқты болмаған соң сізге айту оңай» деп кетуі мүмкін. Алдындағы адам аса қызығушылық танытып қоймай бара жатса, өзі туралы бірер ақпарат айтуы да мүмкін. Алайда өзінің өмірі туралы бәрібір жақ ашпайды.


Дереккөз:massaget.kz

09 қаңтар 2020 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031