» » Қазақстан шетелде 30-дан астам жемқорды іздеп жатыр

Қазақстан шетелде 30-дан астам жемқорды іздеп жатыр

  Қазақстанның Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобына кіруі қылмыскерлерді тезірек ұстап, қаражатты қайтаруға мүмкіндік береді.  
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ел ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 33 азаматты шетелде іздеп жатыр. Бұл туралы баспасөз конференциясында агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 65 қылмыскерді іздеуде. Олардың 33-і шетелде. Бұл жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобының (ЕКСЖТ) құрамына кіруі шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару сапасын жақсартады.

Қазақстан Еуропа Кеңесінің ЕКСЖТ-на қосылды

Қазақстан тиісті заңды ратификациялай отырып, 2019 жылдың 30 желтоқсанында ресми түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының елуінші мүшесі болды.
09 қаңтар 2020 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

27-356

11 шілде 2020 ж.

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031