» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӨПІР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӨПІР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


  Көпір салу – сауапты іс, халыққа берері мол игілікті жұмыс. Бұл бағытта Сырдария ауданында үлгілі үрдіс қалыптасқан. Соңғы жылдары ауданда көпір құрылыстары қарқынды жүргізілді. Бәрімізге белгілі,«Ғасыр жобасы» аталып кеткен Сырдария өзенінің көпір құрылысы 2014 жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінде аталған көпір аудан орталығы мен шалғай ауылдарды байланыстырып, сауда-экономикалық жұмыстардың артуына ықпалын тигізуде.    Сонымен бірге, 2015 жылы аудандық бюджет есебінен 150,0 млн.теңгеге Тереңөзек кенті И.Тоқтыбаев көшесіне «Әйтек» каналына көпір салынды. Тереңөзек кентінде «Майжарма» деген канал бар. Аталған каналдың тұсындағы Б.Момышұлы көшесінде 130-ға жуық отбасы тұрады. Көше тұрғындарының көпірге қатысты мәселесі бюджет қаражатынсыз-ақ шешілді. Құны 25,0 млн.теңге болатын жаңа көпір салынып, бірлікпен, ынтымақпен, ел азаматтарының ауызбіршілігімен тұрғындардың өтініші қанағаттандырылды. Көпір асарлатып салынды. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолындағы «Жаңадария» каналына көпір салуға 124 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар 2018 жылы аяқталады. 2018 жылға «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолындағы екі көпірді күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 100 млн.теңге бөлінді.
05 ақпан 2018 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30