» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ


«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2018 жылғы 14 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.
Есепті кездесуге байланысты халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орнатылған.
Арал ауданы бойынша: аудан әкімі аппараты, Арал қаласы әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйінің ғимараттары.
Қазалы ауданы бойынша: Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімі аппараттарының, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазалы теміржол вокзалы, «Талап» автостанциясы, «Ырыс-Болашақ» базары, Қазалы қалалық мәдениет үйі ғимараттары.
Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімінің аппараты, теміржол вокзалы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі ғимараттары.
Жалағаш ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Жалағаш кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі,  аудандық емхана, №202 орта мекптің ғимараттары.
Сырдария ауданы бойынша: Тереңөзек кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі, №35, №36, №210 және №131 орта мектептердің ғимараттары.
Шиелі ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Шиелі кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, мемлекеттік кірістер басқармасы, теміржол вокзалы ғимараттары.
Жаңақорған ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Жаңақорған кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттары.
Қызылорда қаласы бойынша: Теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Жайна», «Универсам», «SMALL», «Сырдария» сауда үйлері, «Жаңа базар» базары ғимараттары.
Ескертпе: Барлық аудандарда және Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.
05 ақпан 2018 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-298

23 мамыр 2019 ж.

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

04 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031