» » Өмір сапасы рейтингінде Қазақстан 11 сатыға көтерілді

Өмір сапасы рейтингінде Қазақстан 11 сатыға көтерілді


Ұлыбританияның The Legatum Institute сараптама орталығы дүйсенбі күні жыл сайынғы The Legatum Prosperity Index тізімін жариялады. Өмір сапасы рейтингінде Қазақстан Моңғолиядан төмен, Кувейттен жоғары тұр.
Рейтинг азаматтардың өз елдеріне қатысты сауалнамаға берген жауаптарының негізінде жасалды. Олар тоғыз критерий бойынша: экономика сапасы, іскерлік, басқару, білім, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жеке еркіндік, әлеуметтік капитал және қоршаған орта жағдайына қарай пікір білдірді.
Қазақстан рейтингтегі 149 елдің ішінде 72-орынға жайғасты. Мемлекетіміз Моңғолиядан (68-орын) төмен, Кувейттен (80-орын) жоғары тұр.
Қазақстанда білім және экономикалық сапа жақсарып, жеке еркіндік есебі төмендеген. Былтырмен салыстырғанда ең жақсы өзгеріс әлеуметтік капитал жағынан болды. Ол 24 орынға көтерілді, ал жеке еркіндік 6 орынға төмен түсті.
Өмір сапасы рейтингінде Қазақстан былтырғы 83-орнынан 11 сатыға жоғарылады.
Алғашқы ондықта Норвегия, Жаңа Зеландия, Финляндия, Швейцария, Швеция, Нидерланды, Дания, Канада, Австралия Ұлыбритания бар. Ал, соңына Бурунди, Ангола, Ирак, Конго Демократиялық Республикасы, Мавритания, Чад, Ауғанстан, Судан, ОАР және Йемен жайғасты.
18 ақпан 2018 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031