» » 20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдай ма?

20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдай ма?

  Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен бастап карантин енгізілетіні туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде 20 қыркүйектен бастап Қазақстанда карантин қатаңдатылатыны туралы хабарламалар тараған болатын.
"Карантин бізде қазірде де бар. Бүгінде карантинді күшейту болжанып отырған жоқ. Алдағы уақытта барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Біз күн сайын жалпы ел бойынша ғана емес, әрбір өңірде, елді мекендердегі жағдайға мониторинг жүргіземіз", - деді Есмағамбетова.
Бас санитар дәрігер тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. Ал әлем бойынша, ДДҰ мәліметінше, вирус жұқтырғандар саны 28,9 миллионға жетті.
14 қыркүйек 2020 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930