» » Әкімдер Индустрияландыру картасындағы жобаларға жеке өздері жауапты болады – Асқар Мамин

Әкімдер Индустрияландыру картасындағы жобаларға жеке өздері жауапты болады – Асқар Мамин

 Әкімдер Индустрияландыру картасындағы жобалар бойынша жеке жауапты болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде сыртқы нарықтағы тұрақсыздық деңгейі өте жоғары. Сондықтан барлық күш-жігерді сыртқы және ішкі сұраныс неғұрлым тұрақты салаларға, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика салаларына жұмсау қажет. Кеңінен пайдаланылатын отандық құрылыс материалдарын, шыны, керамика, санфаянс және тағы басқаларды өндіруді көбейту қажет», – деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, әлемде көміртегі бағасының төмендеуі технологиялық күрделі салаларға мән беру қажеттігін көрсетіп отыр. Бұл мұнай-химия және газ өңдеу салаларына қатысты.
«Сондықтан Индустрия министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы жылға жоспарланған барлық жобаларды іске асырып қана қоймай, Индустрияландыру картасының жобалары пулын қосымша қарап, кеңейтуді, сондай-ақ жаңа жобаларды қарастыруды тапсырамын», – деді ол.
Премьер-Министр жобалардың барлығы өңірлерде іске асатындығын атап өтті.
«Биыл капитал салымын ең көп қажет ететін жобалар Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында іске асырылып жатыр. Қалған өңірлер жобаларды іске асыруды жандандырсын. Әкімдер Индустрияландыру картасындағы жобалар бойынша жеке жауапты болады», – деп ескертті Асқар Мамин.
16 қыркүйек 2020 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930