» » Ертең карантин енгізіле ме?

Ертең карантин енгізіле ме?

«17 қыркүйекте қайта карантинге жабады»: Ералы Тоғжанов карантинге қатысты пікірін айтты Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда қайта карантин енгізу туралы ақпараттың жалған екенін айтты.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда қайта карантин енгізу туралы ақпараттың жалған екенін айтты. Брифингте журналист халық арасында әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте қайта карантинге жабады деген ақпарат тарап жатыр. Қазан айында күн сайын 5 мың адамға дейін індет жұқтырады деген де ақпарат бар. Жалған ақпарат болса, оны таратқандарды қалай бақылайсыздар деген сұрақ қойды. «Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі күнде өсім деңгейі 0,1%-ды құрап отыр. Бұл көптеген қабылданған шараның нақты нәтижесі деп айтуға болады. Орындар деңгейі 10,7%-ға дейін түсіп отыр. Сондықтан қазір жағдай айтарлықтай жақсы. Қазақстанда карантин енгізу туралы мәселе тұрған жоқ. Керісінше, өздеріңіз байқағандай, қазір қабылданған нақты карантиндік режимді жұмсартуға байланысты бірнеше шара қабылданды. Отырыстарда жеңілдетуге байланысты біраз шешім қабылданды. Бүгін ВАК-тың арнайы отырысы болады. Ол жерде де карантин режимін жеңілдету сұрақтары күн тәртібінде тұр. Дегенмен «осындай әңгімелерді» желілерде тарататын түрлі адамдар да болады. Азаматтардан ресми ақпараттарға ғана сенуді сұраймыз», – деді Ералы Тоғжанов.
aikyn.kz
16 қыркүйек 2020 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930