» » ОҚУШЫЛАР ЕЛОРДАНЫ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

ОҚУШЫЛАР ЕЛОРДАНЫ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

Тереңөзек кентіндегі №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен тағылымы мол іс-шара өтті.
Астана қаласының 20 жылдық мерейлі мерекесі аясында өткізілген іс-шарада мектеп оқушылары аудандық «Еңбек даңқы» музейін аралап, еліміздің бас қаласы туралы тың деректермен танысты. Сонымен бірге, аудан тарихынан сыр шертетін тарихи маңызы зор мәліметтерге қанықты.
Шараға 4-11 сынып оқушылары белсене атсалысып, Астана қаласы туралы жазылған өлеңдерді оқыды. 11-сынып оқушысы Зарина Жарболова, 7-сынып оқушылары Аяулым Пернебаева мен Фариза Жұматаева жүрек түкпірінен шыққан жауһар жырларынан шашу шашты. Сондай-ақ, «Ұлттық қолөнер-бабалар мұрасы» тақырыбында оқушылардың қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Ұтымды ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысқан оқушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

19 ақпан 2018 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930